Түрік ғалымдары ысырапшылдық пен астан уланудың алдын алатын NFC-датчик ойлап тапты
Түрік ғалымдары ысырапшылдық пен астан уланудың алдын алатын NFC-датчик ойлап тапты
2 жыл бұрын 1010 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамдар мезгілі өтіп кеткен азықтан немесе астан уланып жатады не болмаса азық-түлікті ысырап етіп артығымен алып жатады. Түрік ғалымдары азықтың мерзімі өтіп кеткенін ескертетін құрылғы ойлап тапты. Дәлірегі, бұл арада тоңазытқышқа бекітілетін NFC-датчик турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы ewatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ыстамбұлдағы Кош университетінің білікті мамандары тоңазытқыштағы қандай зықтың мерзімі өтіп кеткен туралы қожайынға хабарлайды. Смартфонына. Әзірге сенсор ет, құс еті, балық, йогурт, т.б. секілді құрамында ақуыз мөлшері көп азықтың мерзімі өтіп кеткенін анықтай алады. Мұндай тағам бұзылған кезде биогенді аминдер, яғни, арнайы зат түзіледі. Бұл затты NFC сенсорын тіркеп, тоңазытқыш иесіне хабарлайды. Шағын құрылғы пластиктен жасалған. Ішінде батарейка жоқ, есесіне модул жақын маңдағы гаджеттен қуат алады. Тоңазытқыш қожайыны нақты уақыт аралығында азық-түліктің қаншалықты бүлінбегенін біліп отырады. Осылайша азық-түлік ысырапшылдығын мейлінше азайтуға болады. Түрік ғалымдары бұрын биогенді аминдерді өлшеу үшін қымбат және көлемді жабдық қажет болғанын атапп өтті. Жаңа NFC сенсоры ықшам және өндіруге арзан. Ол тауықтың төс еті мен күркетауық етінде сынақтан өткізілген. Қазіргі уақытта аталған жоғарғы оқу орнының ғалымдары өз өнертабысын коммерциялық нарықұа шығару жолдарын пысықтауда.

0 пікір
Мұрағат