Түрік ғалымдары жасушаларды санауға арналған құрылғы ойлап тапты (видео)
|
Түрік ғалымдары нарықтағы үлгілермен салыстырғанда мүмкіндіктері жоғары және қателік деңгейі төмен жасушаларды санау құрылғысын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы haberturk.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Измир қаласындағы Биологиялық медицина және геномдық зерттеулер орталығында (İBG) Әріп Енгін Шетиннің жетекшілігімен биомедициналық инженерия факультетінің студенттері Мәриам Бейза Абжы және Сәбим Дениз Йашар осыдан он ай бұрын қолға алған бұл тараптағы жобаға Түркияның ғылыми-техникалық кеңесі (TÜBİTAK) қолдау көрсеткен екен. Әріп Енгін Шетиннің айтуынша, аталмыш құрылғы ғылыми зерттеулерде, соның ішінде медицина саласында кеңінен пайдаланылады. Аталған жоба жетекшісінің сөзіне қарағанда, өздері әзірлеген бұл құрылғы ұқсас түрлеріне қарағанда үлгілерді көбірек қамтып, сканерлеуден өткізуге қабілетті, дәлірегі, бар-жоғы 4 секундта 3000 жасушаны санай алады, қателік жіберу деңгейі 3 пайызға дейін төмен. Ал өзге коммерциялық ұқсас құрылғылардың қателік жіберу деңгейі 10-12 пайызды құрайды.