Тұңғыш рет жасуша ішіне датчик енгізілді (фото+видео)
Тұңғыш рет жасуша ішіне датчик енгізілді (фото+видео)
5 жыл бұрын 5194 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар тұңғыш рет тірі жасушаның ішіне ондағы ортаны зерделеуге мүмкіндік беретін құрылғыны енгізді. Мұндай датчик жасуша қызметін мейлінше дәл зерделеуге мүмкіндік бермек. Емі жоқ аурулардың дауасының табылуына септігін тигізіп қалуы мүмкін мұндай жетістіктің қыр-сырын Бат университетінің ғалымы Антони Перри (Anthony Perry) Nature Materials мерзімді басылымында бяанадағ екен. Биологтер бұрыннан топшылап жүргендей, жасуша ішіндегі орта мен ағын (цитоплазме) — жасуша қызметінің маңызды бөлігі. Алайда, жасуша ішіндегі ағын тиісті құрал болмағандықтан әлә күнге зерделенген емес. Осыны ескерген испан, ағылшын және америкалық ғалымдар сүтқоректінің жасушасына тұңғыш рет механикалық датчик енгізді. «Бұл кез келген жасушаның физикалық қасиетін мұндай ауқымда ішінен зерделеуге жол ашады»,- депр мәлімдеген аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Антони Перри мұндай технологияның жасуша заттарының қалай орналасып, қалай ұйымдасатынына көз жеткізуге мүмкіндік беретінін алға тартты. Жасуша ішіндегі сұйықтықты қадағалауға мүмкіндік беретін құрылғы өз кезегінде екі тісті тарақты немесе торды көз алдыңа әкеледі. Әрбіреуінің ұзындығы 22 микрометрге жететін, ал ені 1,5 микрометрді құрайтын төрт бойлық пластина. Олар ортасынан ұзындығы 10,5 микрометр болатын көлденең пластинамен жалғанған. Конструкцияның қалыңдығы 25 наномтерге жетеді әрі кремниядан тұрады. Мұндай микробот — бірыңғайда сегіз аяғы бар өрмекшіні еске түсіреді. Жасуша ішінде бұл «аяқтарды» микроскоппен бақылауға болады. Олар соншалықты жіңішке болғандықтан жамсуша ішіндегі сұйықтықтың әсерімен бүктеліп, жазылады. Ғалымдар өздерінің бұл «агенттерінің» қабілет-қарымын сынап, байқап көру үшін оларды тура мағынасында тышқан шәуһатының үстіне қойды әрі шәуһаттың жатырға енуін күтті. Нәтіижесінде ұрықталған жатыр, яғни, ішінде аталмыш құрылғы бар ұрықталған жасуша (зигот) пайда болды. Биологтер ең алдымен зиготтарды таңдады сынап көру үшін – өйткені, олардың диаметрі жүз микрометрге дейән жетеді әрі әдеттегі тышқан жасушасынан ондаған есе үлкен. Микроскоппен қараған кезде «агенттер» қозғалыста болып, олардың шеткі ұштары, яғни, «аяқтары» бүгіліп-жазылған болатын. Осылайша бір жасушалы ұрықтың бөліну алдындағы даму кезеңіне «куә» болды. «Кейде құрылғы тышқан жасушасының ішкі қуат-күшінен да асып түсетін деңгейде бұратылған болатын. Өзге жағдайларда құрылғының қозғалысы өте бәсең болды, өйткені, жасушаның ішкі ортасы тыныш болған еді»,- деп баяндады Антони Перри. Оның айтуынша, бұл процесте кездейсоқ ешнәрсе болған жоқ. Бір жасушалы ұрықты пайда болған сәттен бастап бәрі белгілі қалыпта дами бастады. Өйткені, ұрықтың дамуы программаланған. Мұндай тәжірибелер не үшін керек? Организмнің қартаю процесін тежеуге әрі аурулармен күресуге көмектесмеді.

Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қозғалысын бақылайтын микробот схемасы 

M. Duch et al./ Nature Materials (2020)

0 пікір
Мұрағат