Түйір робот қан тамырында еркін жүзе алады (видео)
Түйір робот қан тамырында еркін жүзе алады (видео)
10 күн бұрын 386 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы тәжірбие барысында шаңның тозаңындай құрылғы дәріні жануардың, дәлірегі, қой организімінің діттеген жеріне жеткізген. Бірегей технология клиникалық сынақтан өткізіледі. Бұл жайында islam.kz порталы Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар дененің зақымдалған жеріне дәріні дәл жеткзе алатын, қан тамырында еркін қозғала алатын микроробот әзірледі. Жаңа технология дәрінің тұтас организмді уламай тиісті жеріне жетуіне көмектеседі. Nature жаңалықтар қызметі хабарлағандай, Швейцарияның федералды технологиялық институтының (ETH Zurich) ғалымдары желатиннің кішкентай тамшылары дәрі-дәрмекпен және темір магниттік оксидінің нанобөлшектерімен толтырылатын жүйе әзірлеген екен.  Желатиннің титтей тамшыларын сыртқы магниттің көмегімен қашықтықтан тиісті жеріне бағыттауға болады. «Боттың» көлемі - құмдай: кішкентай қан тамырларынан өте алатындай шағын келеді. Ғалымдар роботтарды катетер арқылы енгізіп, қан тамырының бойымен бағыттаға, тіпті, қанның ағысына қарсы да жүзе алады - секундына 40 сантиметр жыли алады. Роботтардың қозғалысы рентгеноскопия көмегімен қадағаланды. Тәжірибе нәтижесі - 95%-дас аса жағдайда дәріні нақты діттеген жеріне жеткізген. Дәріні босату үшін ғалымдар тез өзгеретін магниттік өрістерді пайдаланды: олар желатинді қыздырғанда капсула ыдырайды. Айрықша жоба жетекшілерінің бірі, ETH инженер-механигі Бредли Нелсонның айтуынша, ерекше жүйенің барлық материалдары өздерінің биологиялық тұрғыдан үйлесімділігін дәлелдеді. Яғни, организм жатырқамайтын, денсаулыққа кері әсерін тигізбейтін материалдардан әзірленген.  Алайда, организмнің нанобөлшек қалдықтарын қалай шығаратынын қосымша бақылау және бағалау қажет. Бредли Нелсонның сөзіне қарағанда, келешегінен көп үміт күттірген дәрілердің үштен бірі уыттылығына байланысты клиникада қолдану келмейді. Микроботтармен жергілікті жеткізу технологиясы жағдайды өзгертуі мүмкін, әсіресе, инсульт пен ми ісігін емдеуде, онда нақты учаскеге әсер ету маңызды.

 

 

0 пікір
Мұрағат