|
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
|
Жапон ғалымдары организмдегі циркадты ырғақты (биологиялық үйлесімділікті) басқаруға мүмкіндік беретін қосылысты тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceDaily мепрзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық туристер мен саяхатшыларға, сондай-ақ, ауысыммен жұмыс істейтіндерге көп көмегін тигізетін болады. Жаңа қосылыстың ғылыми атауы - Mic-628. Ғалымдардың айтуынша, ол циркадтық ырғақтар генінің белсенділігін тежейтін CRY1 ақуызымен байланыста бола алады. Қарапайым сөзбен айтқанда, аталған зат организмді «ұйқы - ояу» жаңа режиміне бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл тараптағы тәжірибе барысында заттың тиімділігін тексеру үшін күншығыс елінің ғалымдары кеміргіштер үшін «жарық-қараңғы» циклін алты сағатқа жылжытып, уақыт белдеуін ауыстыруды имитациялады. Кейбір кеміргіштер Mic-628 дозасын алды, басқалары - жоқ. Тәжірибе нәтижесі бойынша «допинг» қолданған тышқандар басқа кеміргіштерге жаңа режимге үш күн бұрын, яғни, ерте бейімделген. Мұндай әдіс өз кезегінде ұйқысыздықпен күресуге де мүмкіндк беруі мүмкін.