Цемент пен ыстан энергияны сақтауға арналған суперконденсатор жасалды
Цемент пен ыстан энергияны сақтауға арналған суперконденсатор жасалды
1 жыл бұрын 838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер энергияның көп бөлігін сақтай алатын жүйені жасау үшін қарапайым және арзан материалдарды пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары цемент пен ыстың (күйенің) энергия сақтау жүйесінің негізі бола алатынын көрсетті. Аталмыш технология күн, жел және толқын электр стансалары сияқты жаңғыртпалы көздерден өндірілген электр энергиясын сақтай алады. Зерттеушілер цемент ұнтағын сумен бірге бетон қоспасына өткізгіштік қасиеті жоғары ысты енгізіп, оны кептірді. Су цементпен аралсқанда құрылымның ішінде кең саңылаулар желісін түзеді, ал ыс осы кеңістіктерге ауысып, шыңдалған цемент ішінде сым құрылымдарын түзеді. Дайын материалға калия хлориді сияқты стандартты электролит сіңдірілген. Зерттеушілер жұқа оқшаулағыш қабатпен бөлінген осы материалдан жасалған екі электродтың өте қуатты суперконденсатор түзетінін анықтады. Инженерлер мұндай конденсаторды үй қабырғасына (бетонға) кі»ріктіруге болады деп есептейді. Түнде шатырдағы күн электр стансасы өндірген энергияны сақтау үшін. Бұдан бөлек, электрмен жүретін автокөліктерді қуаттау үшін бетон төселетін жолдарда қолдануға боолатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат