|
Топырақты тозудан сақтайтын әдіс табылды
|
Томбы мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) және Ресей ғылым академиясының мұнай химия институтының ғалымдары топырақты эрозиядан, дегредациядан, сортаңнан, шөлге айналудан сақтайтын криогел әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы сынақ 2014 жылы Хакасияның даласындағы жел әсерінен тозу қатері жоғары қара топырақты аймақта басталған еді. Ғалымдар поливинил спиртінің - суда еритін синтетикалық полимердің топыраққа тигізер әсерін сынап көрді. Қатыру және еріту кезінде топырақты құрғатпайтын және сыртқы әсерден қорғайтын қосымша криогел қабатын түзуге қабілетті гелге айналады. Бұл тараптағы тәжірибенің алғашқы жылдарында гелмен өңделген топырақ құрылымы жақсарған. Онда тұқымдар мейлінше шапшаң бүршік жарып, дақылдардың өсуіне ықпал ететін топырақтың құнарлы қарашірік қабатының ұлғаюына әкелді. Бұдан басқа, криогел 2015 жылғы алапат өрттен кейін жердің құнарлылығын сақтауға көмектесті. Кейіннен ғалымдар бұл құрал топырақтағы тұз мөлшерін азайтып, температуралық өзгерістердің әсерін төмендететінін анықтады. Қыста гел дақылдардың тамырын үсік шалудан, ал жазда қызып кетуден қорғайды. Тіпті, криогелді бір мәрте пайдалан күннің өзінде топырақтың сапасы мен орнықтылығын ұзақ уақыт сақтай алады.