|
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
|
Француз стартапы әзірлеген күштік қондырғы саласындағы тың жаңалық ұшқышсыз ұшатын аппараттардың әуедегі қозғалысына қатысты осы уақытқа дейін қалыптасқан ұғымымызды түбегейлі өзгертуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұшақтікі секілді жылжымайтын немесе қатты қанаттарды немесе зырылдай айналып тұратын роторларды пайдаланатын әдеттегі ұшқышсыз ұшу аппараттарынан (ҰҰА) айырмашылығы - Aerix Systems-тен барлық бағыттағы қозғалыс технологиясы дрондарға бірден бірнеше бағытта ілінуге, сырғанауға, айналуға және жылдамдатуға мүмкіндік береді. AERIX T-16 платформасында ұсынылған бірегей жүйе қорғаныс, логистика және инспекциялық міндеттерде қолдану үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, маневр жасаудың ерекше тәсілдеріне жол ашады. Aerix Systems компаниясы әдеттегі мультикоптерлер мен ұшақ схемаларынан мүлдем өзгеше күштік қондырғыны пайдаланатын ұшқышсыз ұшу аппаратының жаңа түрін құрастырған. Оның AERIX T-16 барлық бағыттағы архитектурасы, яғни, құрылымы ұшу корпусының бағдарына қарамастан тік көтерілуді, бүйірлей қозғалуды және айналуды қамтамасыз ете отырып, тарту күшін векторлауға мүмкіндік береді. Іс жүзінде бағытын ауыстыру үшін еңкею немесе қиғштау қажеттілігін жояды, тіпті, агрессивті маневрлер кезінде де аппаратқа орнықтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Бұл технология толыққанды платформаларға кіріктірілген, AXS-µ1ең алдымен компанияның барлық бағытта ұшу жүйесі негізінде құрастырылған ықшам дрон. Дрон үш секундтан аз уақытта сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдығын арттыруға және екпіні 100 шақырымға дейін жететін қатта жел соққанда да әуедегі тұрақтылығын сақтауға қабілетті, яғни, шайқалмайды немесе желмен бірге ығып кетпейді. Мұндай сипаттар мен қабілеттерге тұрақтандырудың алдыңғы қатарлы алгоритмдерінің көмегімен нақты уақыт аралығында тарту күшінің бірнеше векторларын үйлестіретін ұшуды басқарудың тығыз интеграцияланған, яғни, кіріктірілген жүйелерінің арқасында қол жеткізіледі. Aerix мәлімдемесі бойынша көп векторлы қозғалысқа қабілетті ұшқышсыз ұшу аппараты күрделі және орта жолда болжауға келмейтін әуедегі кедергілерді айналып өту мен әуедегі жау нысанасын мүлт жібермей қадағалау үшін өте маңызды. Маневр жасау үшін роторлардың үдемелі қозғалысына немесе еңісіне сүйенетін әдеттегі дрондардан айырмашылығы - Aerix жүйесі үздіксіз барлық бағыттағы тарту күшін қамтамасыз етеді. Мұндай конструкция дрон бағытын ауыстырған кездегі кідірісті де қысқартады. Қуатты қондырғыдан басқа Aerix платформасының негізгі элементі - оның дербестік деңгейінің жоғары келетіндігі, яғни, автономды режимде жұмыс істейді. Ұстаушы немесе аулаушы дрондар GPS болмаған кезде немесе радиоэлектрондық қарсылыққа тап болғанда жұмыс істеуге қабілетті борттың орнын анықтау, навигация (бағдар) және бағыттау жүйелерінің арқасында нақты уақытта жұмыс істеуге есептелген. Бұл мүмкіндіктер түрлі сенсорлардан деректерді біріктіруді, компьютерлік көру негізінде мақсаттарды тануды және жау дронының траекториясын болжауға және қайталауға мүмкіндік беретін алгоритмдерін қамтиды. Айрықша жүйе жау дронын аулау немесе жою үшін радиоэлектрондық күрес құралдарымен басуды емес, нақты ұстап қалуға, яғни, зақымдауға және нысаналарды істен шығаруға арналған. Бұл басқарудың жоғары белсенді контурларын, қақтығыстарды болжау моделдерін және жоғары жылдамдықта соңғы маневрлерді орындауға қабілетті дәлме-дәл бағыттау жүйелерін талап етеді. Бұл ретте дрондар көп мәрте пайдалануға есептелген, яғни, қымбат тұратын әуе қорғаныс жүйелерімен салыстырғанда басқа, шығынды мейлінше қысқартуға мүмкіндік беретін түбегейлі экономикалық моделді қалыптастырады. Қорғаныс саласында.