Төңіректе биопатологияның бар-жоғын анықтайтын технология пайда болды
Төңіректе биопатологияның бар-жоғын анықтайтын технология пайда болды
4 жыл бұрын 2078 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазіргідей жұқпалы індет өршіп тұрғанда қатердің алдын алуға көмектесетін аса маңызды құрал жасалды. Бұл жайында islam.kz порталы popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пандемия кезінде қоршаған ортада биологиялық патогендердің, яғни, вирустар мен бактериялардың және өзге де микроорганизмдердің бар-жоғын жедел анықтайтын жаңа технология Ресейде патенттелді (Патент: 2717671. Авторлары: Денис Клейменов, Сергей Долгушин, Павел Шалаев, Бахтияр Вердиев, Евгений Горский, Владимир Гущин, Артем Ткачук, Александр Гинцбург. Патент иесі – денсаулық сақтау министрлігі атынан Ресей Федерациясы). Аталмыш технология, әсіресе, індетті жұқтыру қаупі зор жабық ғимарат ішінде көп көмегін тигізе алады. «Автоматты режимде ауадан биологиялық сынаманың иммунологиялық таллдауының мультиплекстік тәсілі» деп аталатын бұл технология өз кезегінде ауа бөлшектерін жинап, оны сұйыққа айналдырады, автоматты түрде анализге дайындайды, содан соң сынаманы мультиплекстік иммунологиялық аналтизаторге жөнелтеді. Иммунологиялық анализ раекторы ыдыс түрінде химиялық төзімді материалдан жасалған (37°C-қа дейін төтеп бере алады). Осылайша адамды түрлі жұқпалы патогендердің зиянды әсерінен жедел қорғауға мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат