Тиын көлеміндей алғашқы, портативті 3D принтер жасалды
|
Массачусет технологиялық институтының (MIT) және Остиндегі Техас университетінің зерттеушілері тиын көлеміндей чиппен жұмыс істейтін алғашқы портативті 3D принтерін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Light: Science & Applications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Принтердің өзі көрінетін жарық әсеріне ұшыраған кезде қатып қалатын сұйық шайыр резервуарына қайта конфигурацияланатын, жарық сәулелерін шығаратын миллиметрлік масштабтағы (ауқымдағы) фотоникалық чиптен тұратын шағын құрылғы. Прототиптік чипте қозғалатын бөліктер жоқ, оның орнына қалыңдығы 160 нанометрлік шағын антенналар жиынына сүйенеді. Сұйық кристалды модуляторларды пайдаланып, антенна массивінің екі жағындағы оптикалық сигналды жеделдету немесе кешіктіру арқылы чип белгілі бір бағытта жарық шоғын жылжыта алады. Қазіргі уақытта чип 2D үлгілерін сала алады. Ғалымдар ендігі жерде фотоникалық чип шайыр контейнерінің түбінде болатын және 3D «басып шығаратын» көлемде үлгілерді жасайтын жүйені құруды көздеп отыр. Портативті 3D принтер дәрігерлерге медициналық жабдықтың жеке құрамдас бөліктерін жасауға немесе инженерлерге прототиптерді жылдам жасауға мүмкіндік береді.