|
Титтей магнитті робот бүйректегі тасты ерітеді (видео)
|
Ватерлоо университетінің (Франция) ғалымдары бүйректегі тасты спагетти түріндегі жұмсақ әрі магнитті робот көмегімен емдеудің тың технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы advanced.onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзаттың шамамен 12%-ның бүйрегінде тас кездеседі. Әдетте дәрімен емдейді. Алайда, бұл емнің тиімділігі төмен: ағзадағы тас баяу ериді. Оның үстіне, дәрінің әсері төмен. Бүйректегі тас зәр шығару жолында тұрып қалса, ота жасауға тура келеді. Зерттеушілер гидрогел мен эластомер қоспасынан 1 × 1 × 12 миллиметрлік жіптер әзірледі. Олардың құрамында тастарды ыдырататын уреаза ферменті және бір ұшында шағын магнит бар. Оларды қуыққа катетер арқылы енгізеді, ультрадыбыспен бақылайды және айналатын магниті бар сыртқы роботтың көмегімен несеп шығару жолдарымен жылжытады. Діттеген жерге жеткен кезде құрылғы пациенттің терісіне бекітілген сыртқы магниттік өзекшемен бекітіледі. Жіп қоршаған зәрге уреаза бөліп, сұйықтықтың pH деңгейін арттырады - оны азырақ қышқыл етіп, тастың еруіне жол ашады. Еріген тас зәрмен шығып кетеді. Бұл тараптағы тәжірибе барысында мұндай ем-домнан бес күннің ішінде бүйректегі тастардың салмағы 30%-ға кеміді.
Бейне: University of Waterloo