Тері обырына қарсы екпенің тиімділігі 4 жыл сақталды
Тері обырына қарсы екпенің тиімділігі 4 жыл сақталды
4 жыл бұрын 2874 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар терінің қатерлі ісігіне шалдығып, екпе алған сегіз науқасты қадағалай келе тәжірибе ретінде қолға алынған ем-домның өз кезегінде иммундық жасушаларға төрт жылдан соң обыр жасушаларына тойтарыс беруіне көмектескеніне куә болды. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемде көптеген ауруларға қарсы екпе әзірленген, алайда, тері обырына қарсы екпе осы уақытқа дейін болмаған еді. Жаңа дәрі сегіз аталмыш тәжірибеге қатысқан сегіз науқастың алтауын меланомнан (меланом – тері обырының бір түрі) айығуына көмектескен. Тері обырына қарсы екпе иммундық жасушаларға неоантигенді – қатерлі ісіктің беткі жағында болатын мутацияға ұшыраған молекулаларды тануына, осылайша ауру жайлаған жасушаны сау жасушадан ажыратуына негізделген. Нақты пациент үшін екпе жасау мақсатында ғалымдар оның қаны мен ісігінің үлгісін пайдаланады. Әрбір адамның индивидуалды параметрлерінің, яғни, жеке басының ерекшеліктері негізінде өзіндік ерекшелігі бар әрі индивидуалды емдеу тәсілін ойлап табады, бұл жайт өз кезегінде иммундық жүйені қатерлі ісікке бағыттайды. Соңғы жылдары қатерлі ісікпен күресте сау тіндерді де зақымдайтын әрі науқастың жанына бататындықтан химиялық терапиядан гөрі биологиялық терапияға (яғни, иммундық жолмен емдеу) басымдық беріліп келеді. Бұл жаңалық өз кезегінде бұл тараптағы ізденісті тереңдетіп, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге бастауы мүмкін екенін айта кеткіміз келеді. Бұрын хирургиялық жолмен, яғни, пышақпен сылынып тасталатын, тері обырының аса агрессивті түріне жататын меланомның қайталану қатерінің алдын алуға қаншалықты септесетінін білу маңызды. Аталмыш тәсілдің. Нәтижесі ойдағыдай болды – рецидивтің (қайталану қатерін) ықтималдылығын төмендеткен. Ғалымдар екпенің кем дегенде төрт жыл бойы тиімділігін сақтайтынына көз жеткізіп отыр. Науқастың иммундық жасушалары, тіпті, араға ұзақ уақыт салса да меланомның неоантигенін тани алатын деңгейде болған, яғни, осылайша аталмыш қатерлі ісіктің қайталануына жол бермеген еді. Ғалымдардың айтуынша, уақыт өте келе иммундық жасушалар қатерлі ісік жасушаларының осал тұстарын өздері іздеп, оны жоюы мүмкін – егер науқас екпе алса. Тәжірибеге қатысқан сегіз пациенттің барлығы бірдей қатерлі ісікті сылытқан соң шамамен 18 күннен кейін NeoVax деп аталатын екпе алған екен. Төрт жылдан соң олардың барлығы аман болатын, олардың алтауының бойынан ремиссия байқалған, яғни, қатерлі ісіктің әлсіреуі байқалған еді.

0 пікір
Мұрағат