Тері жасушаларын жасартудың тың тәсілдері табылды
|
Британ ғалымдары адам терісінің тозу (қартаю) процесін тежейтін немесе тоқтататын әдісті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Daily Mail дерек көзіне жөн сілтеген Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кембридж университетінің ғалымдары тері жасушаларындағы эмбриондық генді уақытша ажыратқан екен, нәтижесінде теріні 30 жылға жасартқан. Бұл тарапта арнайы жүргізілген тәжірибеге өз еркімен қатысқан 38-53 жас аралығындағы адамдардың арасында созылмалы ауруға зардап шегетіндері де болған екен. Соған қарамастан тәжірибе оң нәтиже көрсеткен. Биологтер жасушаларды қайта бағдарламалау процесін басқаруды меңгерген және бұл прроцесті жасушалар бастапқы функцияларын жоғалта бастаған сәтте үзген. Ғалымдар, тіпті, осы әдіспен жасушаның қартаюына байланысты жоғалатын кейбір функцияларды ішінара қалпына келтіруге болатынын алға тартып отыр. Ғалымдар бұл тәсілдің регенеравтивті медицинаны жаңа белеске көтеретініне сенімді. Әлбетте, бұл арада «мәңгі жас күйінде» қалу турасында сөз болып отырған жоқ, алайда, адам қартайғанша терінің тозбауын қамтамасыз ете алады.
Ұлыбританиядағы Бабрахам институтының ғалымдары адам терісін 30 жасқа жасартудың амалын тауыпты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланғанeLife мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ағылшын ғалымдары, дәлірегі, жасушаны жасартқан олардың негізгі функциясына зақым келтірмей. Ғалымдар ескі жасушалардың функцияларын ішінара қалпына келтіре алды, сонымен қатар, биологиялық жастың молекулалық көрсеткіштерін «жас» күйге келтірді. Бұл нәтижелерге жасушаларды қайта бағдарламалау мен негізгі жасушалық белсенділікті сақтау арасындағы тепе-теңдік арқылы қол жеткізілді. Жасуша жасының көрсеткіштері бірнеше параметрлерге негізделген: эпигенетикалық сағат (эпигенетикалық ДНҚ белгілерінің жиынтығы) және транскриптом (жасушада синтезделген барлық гендердің жиынтығы). Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, қайта бағдарламаланған жасушалар биологиялық жасынан 30 жасқа кіші болып шықты. Ғалымдар бұл терапияның мүмкіндіктері мол екенін атап өтті.