Теңіз ұлуының уы тез әсер ететін инсулин жасауға көмектеседі
Теңіз ұлуының уы тез әсер ететін инсулин жасауға көмектеседі
5 жыл бұрын 2402 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағыттағы Юта штатының университеті ғалымдарының зерттеу нәтижесі Nature Structural & Molecular Biology мерзімді басылымында жарияланды. Күллі әлемнің ғалымдары, міне, бірнеше ондаған жылдардың жүзі болды, осынау гармонның адамдағы нұсқасынан организмге айтарлықтай тез әсер ететін инсулиннің баламасын табу үшін жатпай-тұрмай ізденіп келеді. Осынау ізденіс барысында ғалымдар конус ұлуының уына назар аударған екен – алдымен теңіз тіршілік иесінің гормон ДНК-сын адам бойындағы инсулинге енгізу арқылы оның гормонын адамдікіне ұқсастыруға тер төккен еді. Алайда, мұндай жолмен алынған инсулин адамдағы инсулиннен 20-30 есе әлсіз болып шыққан. Бұл талпынысы ойдағыдай нәтиже бермеген соң ғалымдар теңіз жануарына адам инсулинінің генін енгізіп көреді. Содан соң оған молллюска уының молекуласынан аминдік қышқылдың бірнеше тізбегін үстеп, тышқанға тәжірибе жүргізеді. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адамдікіне ұқсастырылған инсулин нұсқасы тәжірибедегі тышқан қанындағы қант деңгейін тиімді азайтқан. Бір артықшылығы – ол организмге дереу әсер еткен, әдеттегі гормон үшін бұған біршама уақыт кететін. «Біз ашқан инсулиннің дереу әсер ететін баламасы сусамырмен ауыратын науқастардың бойында болатын гиперликемия және өзге де ауыр зардабын кемітуі мүмкін. Бұған қоса, ол қажетіне қарай қанға гормон бөлетін инсулиндік помптың қызметін жақсартады. Біз осылайша науқастарға қан құрамындағы қант деңгейін дәл әрі тез басқаруға мүмкіндік тудырып отырмыз»,- деп бұл жаңалықтың мән-маңызын айқандап берді аталмыш зерттеу жетекшісі Елена Савафи-Хемами. 

0 пікір
Мұрағат