Теңіз түбінен қанттың мол қоры табылды
Теңіз түбінен қанттың мол қоры табылды
3 жыл бұрын 2173 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: HYDRA Marine Sciences GmbH

Макс Планк қауымдастығының Теңіз микробиологиясы институтының биологтері теңіз балдырының топыраққа қанттың көп мөлшерін сахароз түрінде бөлетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Ecology & Evolution мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Теңіз балдырынан бөлінетін қант мөлшері әлемге әйгілі Coca-Cola тәтті сусынының 32 млрд банкісін шығаруға молынан жетеді. Дәлірегі, 1,3 млн тонна қант қоры атыр теңіз түбінде. Бремендегі Теңіз микробиологиясы институтының ғалымдары теңіз балдыры ризосфераны (өсімдік тамырларына жақын жатқан топырақтың жұқа қабаты) қанттың көп мөлшерімен, негізінен сахароза түрінде қанықтыратынын анықтады. Теңіз балдырының тамыры астындағы аталған зат мөлшерінің шоңырлану деңгейі теңіз ортасында байқалған мұндай концентрацияға қарағанда 80 есе көп. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Мануел Либеке есімді ғалымның келтірген дерегіне қарағанда, әлем бойынша теңіз балдырының ризосферасында 1,3 млн тоннаға дейін қант бар, олардың дені сахароз түрінде сақталған. Ғалымдар көмірсулардың мұндай жоғары концентрациясын алғаш рет байқап, таң-тамаша болып отыр,  өйткені, әдетте микроорганизмдер қоршаған ортада кез келген қантты тез тұтынады. Ғалымдардың пайымдауынша, бұған мынадай фактор немесе процесс өз әсерін тигізген:  балдырлар көмірсулар бөліп қоймай, сондай-ақ, көптеген микроорганизмдерді сахарозаны тұтынудан сақтайтын фенолды қосындылар бөледі. Теңіз балдырларының осы ерекшелігінен бұл заттардың мұхит пен атмосфераға көмірқышқыл газы ретінде оралмай, көмірсулардың балдыр шалғындарының астында «көміліп» қалады. Биологтердің топшылауынша, ризосферада қалыптасқан мұндай қор өз кезегінде қауіпсіздіктің өзінше «кепілдігі» - жаз мезгілінде жиналады, есесіне теңіз балдарына жарық аз түсетін жылдың өзге мезгілдерінде аман қалуына көмектеседі. Макс Планк атындағы теңіз микробиология институтының директоры Никол Добилиенің айтуынша, аталған теңіз өсімдігі қантты фотосинтез кезінде бөледі. Жарық жеткіліксіз болғанда аталған өсімдік өзі бөлген қанттың көп бөлігін өз метаболизмі (зат алмасу процесі) мен өсуі үшін пайдаланады. Ал жарық жеткілікті болса, мәселен тал түсте немесе жаз мезгілінде теңіз өсімдігі қантты өзінде сақтамай немесе пайдаланбай көп бөлетін болады. Яғни, ризосфераға қанттың артығын бөледі. Теңіз балдыры жаһандық жылыну қарқынын тежеуде рөлі жоғары: жер бетіндегі өсімдік пен ағаштарға қарағанда көмір қышқыл газын бірнеше есе көп сіңіреді – теңіз балдарының бір шаршы шақырымы құрлықтағы орман-тоғайдың бір шаршы шқырымына қарағанда көміртектің екі есе көп бөлігін сақтайды әрі көмірқышқыл газын кәдімгі ағашқа қарағанда 35 есе тез сіңіреді. Десе де ғалымдар теңіз балдырына да жойылу қаупі төнгенін айтып, әлем қауымдастығына дабыл қағумен келеді. Егер теңіз балдыры жойылтын болса, ғалымдардың есебінше, қантты бактериялардың ыдыратуынан атмосфераға кем дегенде 1,5 млн тонна көмірқышқыл газы бөлінеді.

0 пікір
Мұрағат