Темірді тат басудан қорғайтын әрі оңай қалпына келетін ерекше полимер әзірленді
Темірді тат басудан қорғайтын әрі оңай қалпына келетін ерекше полимер әзірленді
2 жыл бұрын 877 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцариядағы федералды технология институтының ғалымдары металл жабындарын коррозиядан қорғайтын, «полифениленметилен» деп аталатын және бір мезетте төрт маңызды қасиетке ие полимер әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы ethz.ch сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Коррозиядан қорғаумен қатар, зақымдалған жерін көзрсетіп, оны өздігінен жөндей алады және қызмет ету мерзімінің соңында қайта өңдеуге жарамды. Полимер сұйық түрде металдың бетіне шашыратылады, онда ол қыздыру кезінде химиялық реакцияға түседі. Қаптама жылы болған кезде барлық бос жерлерді біркелкі толтырып, тегіс, жұқа қалыпқа енеді, осылайша коррозияға қарсы тығыз қорғаныс жасайды. Егер сіз оған терең сызат түчірсеңіз, оған аздап полимерді салыңыз - жылу реакциясы қайтадан басталады, зақымдалған жер қайта қалпына келеді. Осылайша, металдың қорғаныс қабілеті қайта қалпына келмек. Жөндеу кезінде полимерді қайда қолдану керектігін нақты білу үшін ғалымдар оның құрамына флуоресцентті компоненттерді қосты. Ультракүлгін шаммен сәулеленгенде беті біркелкі жарқырайды, ал зақымдалған жерлер қарайып тұрады. Тұзды ерітіндіде тез тозу бойынша жүргізілген тәжірибе барысында полимердің барлық қасиеті көптеген циклдар бойы сақталатыны белгілі болды. Әлбетте, мұндай өзгеше материалдың да қызмет ету мерзімі де шектеулі болатынын айта кету керек - дегенмен, полимердің құрылымы оны бетінен оңай алып тастауға және қайта өңдеуге жарамды етіп жасалған. Ғалымдар қайта пайдалану жылдамдығын 95%-ға дейін жеткізе алған екен, тіпті, бес мәрте пайдалану және өңдеу кезеңінен кейін де полимер өзінің негізгі қасиеттерін жоғалтпаған.

0 пікір
Мұрағат