Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
2 сағат бұрын 55 Материалды көшіріп басқан жағдайда Islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ерекше QR-кодтың аумағы - бар-жоғы 198 шаршы микрометр. Көлемі жағынан, тіпті. Белгілі бактериялардан да кіші болып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жетістік Гиннес рекордтар кітабына енді. Австриялық ғалымдар деректерді ұзақ мерзімге сақтаудың тың тәсілін ойлап тапты. Олардың  айтуынша, замануи электронды жүйелердегі ақпарат тек ьбірнеше жыл сақталады. Ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау үшін керамиканы пайдаланатын технология пайда болды. "Керамикалық ақпарат тасымалдағыштармен жұмыс істегенде біз ежелгі мәдениеттерге ұқсас әдісті қолданамыз, өйткені, олардың жазбаларын біз бүгін де оқи аламыз. Біз ақпаратты уақыт әсеріне ұшырамайтын және болашақ ұрпақ аық оқи алатын тұрақты, инертті материалдарға жазамыз", деп түсіндірді осынау зерттеуге атсалысқан Александр Кирнбауэр. Алдымен ғалымдар лайықты материалды - өте нәзік керамикалық пленканы таңдап алды. Содан кейін топтастырылған иондық шоғырдың көмегімен оған QR-кодты таңбалады. Сарапшылардың мәліметінше, жекелеген пикселдердің көлемі небәрі 49 нанометрге тең. Бұл шама көрінетін жарық толқынының ұзындығынан шамамен он есе аз. Бұл ретте жаңа сапар кезінде деректерді сақтау тығыздығы таң қалдырады: QR-кодтары бар А4 форматындағы бір парақ көлеміндегі алаңда 2 терабайттан астам деректі орналастыруға болады. "Біз жасаған құрылым соншалық жіңішке, оны оптикалық микроскоп арқылы көру мүмкін емес. Ең кереметі ол да емес. Микрометрлік масштабтағы құрылымдарда бүгінде ерекше ештеңе жоқ, тіпті, жекелеген атомдардан өрнектер жасауға да болады. Алайда, олардың өзі тұрақтылығын жоғалтпайтын, оқылатын код жасауға келмейді", түсіндірді осынау зерттеуге қатысқан профессор Паул Майрхофер. Осылай деген профессор микроскопиялық QR-кодты қатарынан бірнеше рет оқуға болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл артықшылық олардың негізгі жетістігі.

0 пікір
Мұрағат