Технология: Терминатордың прототипі жасалды (видео)
|
Қытайдың Цинхуа университетінің инженерлері пішінін өзгертіп, түрлі кедергілерді еңсера алатын сұйық металдан субстанция ойлап тапты. Бұл жайында Naked Science ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдар оның тірі ағзалардың қимыл-қозғалысынан еш айырмашылығы жоқтығын алға тартып отыр. Оның құрамында натрия гидроксидіне орналастырылған галлияның, қалайының қорытпалары бар. Отын ретінде аллюммин жоңқасы пайдаланылады. Оны қосқаннан кейін металдық тамшы өздігінен керекті бағытқа қарай айналып, тура жылжиды және түрлі тосқауылдардан өте алады. Егер тамшыны қозғалтпай ұстасаңыз, ол сорғыға айналады: секундына шамамен 50 миллиметр суды айдайды. «Бұл өз алдына дербес энергия көзі бар әлемдегі алғашқы сорғы»,- деп мәлімдеді осы өзгеше жобаның авторы Цзин Лю үнінен мақтаныш лебі есіп. «Осынау жұмсақ машина саналы тіршілік иесін көз алдыңызға әкеледі. Ол пішінін кеңістікке қарай өзгерте алады»,- деді артынша. Айта кетейік, қытай ғаалымдары бұл жаңалықты кездейсоқ ашқан. Артынан қайталап көрген. Қайталап көрген де өздерінің әлемді тамсандыратын жаңалық ашқандарына көздерін жеткізген. Болашақта ғалымдар оны бақылауды, яғни, белгілі бір мақсатта пайдалануда қажетке жаратуды көздеп отыр.