Технология: Жауын мен найзағай шақыратын лазерлік қондырғы жасалды
|
![Технология: Жауын мен найзағай шақыратын лазерлік қондырғы жасалды](https://static.islam.kz/uploads/images/OQC/HgR/k1MQ6P0h0vXsgjIM-lg.jpg)
Аризона университетінің (АҚШ) ғалымдары жаңбыр жаудырып, найзағай ойнататын лазерлік қондырғы ойлап тапты. Болашақта бұл қондырғы климматтық құбылыстарды қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. Десе де, айта кету керек, лазерді ауа райын бақылау үшін пайдалану турасындағы ой бұрыннан белгілі болатын. Алайда, айтарлықтай қашықтан басқару қондырғысы осы уақытқа дейін жасалмай келген болатын. Осы уақытқа дейін лазерлік сәуле атмосферада қуатынан айырылып қалатын. Аталмыш технология қарқыны төмен аса қуатты лазер сәулесімен сәулені қымтауымен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде аса қуатты сәуленің атмосферада ыдырап кетуінен сақтайды. Бұл жайында uanews.org ресурсы хабар таратты. Қазіргі уақытта ғалымдар бұл технологияны зертханада сынақтан өткізіп жатыр. Оның қашықтығын 25 сантиметрден 210 сантиметрге дейін арттыруға қол жеткізді. Қазір ғалымдар сәуленің қашықтығын 50 метрге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін лазерлік қондырғымен жұмыс істеуде. Ал келешекте оның қашықтығын бірнеше жүздеген метрге дейін жеткізбек. Аса ірі қалаларда осы лазерлік қондырғы арқылы ауа райын бақылауға болады.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)