Таз болудың себебі анықталды
|
Чикаго қаласындағы солтүстік-батыс университетінің ғалымдары таздықтың себебін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Aging мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта тышқанға (тышқанның фолликуласы адамдікіне ұқсас келеді) жүргізілген тәжірибе нәтижесінен белгілі болғандай, жас ұлғайған сайын шаштың діңгекті жасушаларының жабысқақтығы кемиді. Нәтижесінде діңгекті жасушалар фолликуладағы (шаш фолликуласы - жасушалар мен дәнекер тіндері бар және шаштың түбірін қоршап тұратын шұлық тәрізді құрылым) арнайы орнынан жылыстайды, содан соң қажетті микро ортаның болмауынан жойылады. Бұл жаңалық өз кезегінде таздықты емдеуде өз көмегін тигізеді.
Қарай отырыңыз:
«Адамның таз болуының негізгі бір себебі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-taz-boluynyn-negizgi-bir-sebebi-belgili-boldy-15046/#gsc.tab=0);
«Стреске байланысты шаштың түсуіне ықпал ететін тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/streske-bailanysty-shashtyn-tusuine-yqpal-etetin-tetik-tabyldy-15077/#gsc.tab=0)