Тәжді тажалдың өзге вирустардан біртүрлі ерекшелігі анықталды
Тәжді тажалдың өзге вирустардан біртүрлі ерекшелігі анықталды
5 жыл бұрын 3112 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдар тәжді тажал дертін тудыратын SARS-CoV-2-нің өзге вирустардан айрықшалап тұратын біртүрлі ерекшелігі барын байқады. Дәлірегі, SARS-CoV-2 вирусының ACE2 ақуызын пайдалана отырып, адам жасушасына енеді. Бұл жайында ағылшын тіліндегі Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Мамандар бұл бағытта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тірі организмдердің инфекцияға төзімділігін зерделеген болатын. Ғалымдар алдын ала ескерткендей, әдетте тәжді тажал ұштары үшкір болып біткен ақуыздың көмегімен ACE2 рецепторымен байланысады – неғұрлым бекісе, соғұрлым организмнен жоғалу ықтималдылығы төмендейді. Осы орайда оқырмандарға түсінікті болу үшін ACE2-нің не екеніне қысқаша тоқтала кетеміз: Уикипедия электронды анықтамада сипатталғандай ол ангиотензин I-ді ангиотензин 1-9-ға, ангиотензин II-ні ангиотензин 1-7-ге айналдыратын катализатор ретінде алға шығатын мембранды ақуыз (экзопептидаз). Ал ангиотензин — олигопептидті гормон. Бір қызығы, SARS-CoV-2 өзге тіршілік иелеріне, соның ішінде осы вирусты тасымалдаушысы жарқанатқа қарағанда адам организімінде өзін өте жайлы сезінеді, яғни, тез өсіп-өнеді, тез бейімделеді. Бұған вирустың өзге тіршілік иелеріне қарағанда адам арқылы шапшаң таралатыны дәлел бола алады. «Бұрын адам организімінде болмаған бұл жаңа вирустың адам рецепторымен байланысудың жоғары деңгейіне ие болғаны таңқалдырмай қоймайды»,- деп мәлімдеді Флиндерс университетінің профессоры Николай Петровски. Осылай деген ол өзге вирустардың тіршілік иелеріне жұққанда жаңа ортаға бейімделіп жатады. Ал COVID-19 қоздырушысы алғашқы күннен бастап бейімделу үшін өзгеріп жатпайтынын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат