Тәжді тажал індетін жұқтырғанымен оның белгісі қандай адамдарда білінбейтіні белгілі болды
Тәжді тажал індетін жұқтырғанымен оның белгісі қандай адамдарда білінбейтіні белгілі болды
5 жыл бұрын 5667 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кезекті ғылыми ізденіс пен зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, тәжді тажал індетін жұқтырғандардың шамамен 40%-да аталған дерттің белгілері білінбеген. Бұл жайында AMNA ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш жұқпалы індетке негізінен әйелдер мен жастар организімі осындай реакция танытатын көрінеді. Осынау жұқпалы індеттің алғашқы ошағы болған Ухан қаласындағы университет ғалымдары америкалық «JAMA Network Open» медициналық мерзімді басылымында жариялаған мақалада тәжді тажалды жұқтырған 78 адамның мәліметін талдау нәтижесінде олардың 33-нің (42%) бойынан аталған індет белгілерінің білінбегені айтылған. Жұқпалы індет белгілері білінбеген науқастардың барлығының орташа жасы 37 жасты құраған, ал аталған вирустың белгілері көрінгендердің орташа жасы 56-ны құраған. Бір қызығы, осынау жұқпалы індет белгілері білінбегендердің үштен екісін әйелдер құраған. Бұған қоса, аталған жұқпалы індетке шалдыққанымен оның белгісі білінбеген пациенттер ары кетсе 10 күнде жазылып кеткен. Ал белгісі бойынан көрініс тапқандарын емдеуге 15 күн кеткен. Сондай-ақ, бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бойынан аталған індет белгісі білінбегендерден өзге адамға вирустың тез жұғатыны анықталған аталған жұқпалы індеттен қатты зардап шеккендерге қарағанда

0 пікір
Мұрағат