|
Табиғатта сирек кездесетін металдарды аса тиімді жолмен өндірудің әдісі табылды
|
Жаңа, биотехнолгиялық әдіс осы заманғы озық технология үшін аса маңызды ресурстарды қоршаған ортаға зиян келтірмей әрі арзан жолмен өндіруге мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Табиғатта сирек кездесетін элементтер - скандий, иттрий және 15 лантаноидтан тұратын 17 металдан тұратын топ қазіргі заманғы технологиялар үшін өте маңызды. Олар смартфондарда, компьютерлерде, жарық диодты шамда, лазерде, аккумуляторда, электрмен жүретін көліктерінде, жел турбиналарында, тіпті, МРТ (магнитті-резонанды томографияда) аппараттарында да қолданылады. Барлық сирек кездесетін элементтердің 45% -ға жуығы тұрақты магниттер өндірісіне жұмсалады. Негiзгi проблема - табиғатта сирек кездесетiн металдарды әдеттегі әдiстермен өндiру экологилық жүйеге орасан зор зиян келтiредi. Осыны ескерген Берклидегі Калифорния университетінің ғалымдары бұл тығырықтан шығудың шешімін ұсынды - генетикалық түрлендірілген вирустар бұл бағалы металдарды қоршаған ортаға залал келтірмей шығаруға қабілетті. Сын-Ук Ли есімді биоинженерия профессоры бастаған топ зиянсыз бактериофагты - бактерияларды зақымдайтын, алайда, адамға қауіпсіз вирусты түрлендіріп, оны шахталардың дренаждық суларынан сирек кездесетін элементтерді шығаратын микроскопиялық «шахтерге» айналдырды. Ғалымдар вирустың қабығына екі арнайы ақуыз орнатты. Олардың бірі - фагтың бетінде орналасқан және сирек кездесетін элементтерді жинауға арналған, қармау ретінде әрекет ететін лантаноидтарды байланыстыратын пептид. Екіншісі - эластиндік пептид, ол температурамен белсендірілгенде ерітіндіден шығады және жиналған металдарды жеткізеді. Жаңа тәсілдің маңызды артықшылығы - биошахтер вирустар «ауысым» аяқталғаннан кейін де тиімді болып қала береді және оларды қайта пайдалануға болады. Мұндай вирустарды өнеркәсіптік ауқымда өсіру оңай және арзан - оларды адам үшін қауіпсіз бактерияларға қосу жеткілікті және осы бактериялар көбейген кезде вирустар олармен бірге көбейеді. Сарапшылардың айтуынша, табиғатта сирек кездесетін жер элементтерін биологиялық тұрғыдан өндірудің жаңа әдісі экологиялық жағынан таза ғана емес, сонымен қатар, өте қарапайым. Оның көмегімен ғалымдар күрделі өнеркәсіптік тапсырманы орындау үшін бағдарламаланатын биологиялық құралды пайдалана алады, ол қазіргі уақытта қолданылып жүрген әдіс улы химикаттар мен энергияның орасан мөлшерін қажет етеді. Мұндай технологияны енгізген кез келген ел өзінің табиғатта сирек кездесетін элементтердің халықаралық көздеріне тәуелділігін төмендете алады. Бүгінде бұл нарықта Қытай басым, онда ТСКЭ-нің әлемдегі мөлшерінің 70% -ға жуығы өндіріледі, ал 87% -ға жуығы өңделеді.