Сылдырмақты жыланның уынан ауруды басатын дәрі жасалды
Сылдырмақты жыланның уынан ауруды басатын дәрі жасалды
5 жыл бұрын 5248 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бразилиялық ғалымдар әлемдегі ең улы жыландар санатына жататын сылдырмақты жылан уынан созылмалы ауруларға қарсы ауруды бәсеңдететін дәрі алу үшін оның аса күшті уытын, яғни, әсерін кеміту жолын тапты. Бұл жайында Toxins мерзімді басылымы хабар таратты. Қорқынышты сылдырмақ жылан (Crotalus durissus terrificus) уының негізгі компоненті болып табылатын кротоксин қабыну мен ауруды басатын, ісікті қайтаратын шипалы қасиетке, алайда, өте улы болғандықтан іштен қан кетуге, гипотонияға, көздің көру қабілетінің төмендеуіне, периферилік бұлшық еті мен тыныс алу олдарының бұлшық етінің жансыздануына түрткі болады. Нейроулылығын айтпаған күннің өзінде. Сан-Паулу қаласындағы Бутантан институтының ғалымдары аталмыш жылан уының құрамында кездесетін кротоксин молекуласын наноқұрылымды кремния диоксидіне енгізуді ұсынып отыр. Бұл материалды бұрындары екпе жасауда қолданған болатын – дифтериялық таяқшаның уын наноматериалдың ішінде капсулдаған еді – организмге тигізер улы әсерін кеміту үшін. Осылайша кротоксиннің жаңа формасы табиғи күйіндегісіне қарағанда улылығы 35%-ға төмендеп, невропаттық ауруды (ауырсыну сезімі дене жарақатынан емес, ауырсыну сезімін жеткізуге жауапты нейрондардың патологиялық қозуынан болатын хал. Мұндай жағдайға тап болған науқасқа әдеттегі ауруды басатын дәрі көмектесе алмайды) бұғаттауда тиімділігін көрсетіп берді.

0 пікір
Мұрағат