Сыйымдылығы 10 мың терабайт ақпаратты 5000 жылға дейін сақтай алатын керамикалық сақтау құрылғысы жасалды (видео)
Сыйымдылығы 10 мың терабайт ақпаратты 5000 жылға дейін сақтай алатын керамикалық сақтау құрылғысы жасалды (видео)
11 ай бұрын 1073 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Cerabyte / © Cerabyte

Немістердің Cerabyte стартапы қызмет ету мерзімі шексіз дерлік, арзан болғанымен сенімділігі жоғары ақпаратты сақтауға арналған құрылғы жасады. Бұл арада нанокерамика қабаты қолданылатын төртбұрышты шыны парақ түріндегі сақтау құрылғысы туралы сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы techradar.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Деректер фемтосекундтық лазер импулсі арқылы QR коды тәрізді үлгілерде картриджге таспаланады. Ол керамикалық қабатта екілік код (0 және 1) түрінде саңылаулар қалыптастырады немесе бос орындар қалдырады. Алға жылжыған кезде таңбалар тізбегі жазылады, содан кейін олар артқа жылжыған кезде микроскоп камерасы арқылы оқылады және тексеріледі. Мазмұнды оқу үшін микроскоп камерасы пайдаланылады. Ерекше құрылғы Целсия бойынша 273 градустық суыққа дейін, 300 градус ыстыққа дейін, сондай-ақ, қашқыл ортада, радиация мен электрлі-магнитті әсерге төтеп бере алады. Яғни, таспаланған ақпараттар, тіпті, ядролық жарылыс орын алса да сақталады.

0 пікір
Мұрағат