Сутегімен жүретін яхта сағатына 140 шақырым жылдамдықпен қозғалады (фото+видео)
Сутегімен жүретін яхта сағатына 140 шақырым жылдамдықпен қозғалады (фото+видео)
2 жыл бұрын 1475 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дизайнерлер сутегі гидрофойлдарымен жұмыс істейтін үлкен яхтаның тұжырымдамасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz  порталы boatinternational.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Итальялық Lazzarini дизайн үйі 74 метрлік Plectrum сутегі отынымен жүретін супер яхтаның тұжырымдамасын жұртшылық назарына ұсынды. Яхта 75 торапқа дейін (дерлік сағатына 140 шақырым) жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік беретін инновациялық гидрофоил жүйесімен жабдықталған. Кеме 2025 жылы суға жіберіледі. Әзірге әзірлену үстіндегі яхта бұл санаттағы ең жылдам яхталардың біріне жатады. Ол мейлінше жылдам қозғалатындығы сондай - «су сызығының үстінен ұшу» эффектісін бере алады. Plectrum үш 5000 а.к. сутегі қозғалтқышын пайдаланады. Plectrum-нің қанат жүйесі қалауыңызға қарай реттеледі, яғни, икемді және яхта қозғалыссыз тұрған кезінде кезде ені 15 м-ден круиз кезінде 20 м-ге дейін өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ, суперяхта толығымен көміртекті талшық негізіндегі құрғақ композиттік материалдардан жасалатыны айтылған. Яхтаның орналасу реті төрт палубаға бөлінген және алты қонақ кабинасы мен қожайын кабинасын қамтиды. Бұл ретте кеме бортында тікұшақтарға арналған ангар, екі тендерге арналған орталық гараж (жалпақ түбі бар қайық), түрлі қайықтарға арналған артқы гараж бенавтокөлік орналастырылған. Мұндай яхтаның алдын ала бағасы 80 миллион еуроны құрайды

Interior splice of the layout on Plectrum

0 пікір
Мұрағат