Сутегі банкі мен теңіз суы және кофе ұнтағы арқылы алынды (видео)
Сутегі банкі мен теңіз суы және кофе ұнтағы арқылы алынды (видео)
5 ай бұрын 947 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер сутегі отынын алудың жылдам және экологиялық таза әдісін ойлап тапты.  Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Массачусет технологиялық институтының (MIT) инженерлері банкідегі алюминидің теңіз суымен жанасқанда ерітінді көпіршіктері пайда болатынын және табиғи түрде сутегін, қозғалтқышты қуаттандыру үшін экологиялық таза отын ретінде пайдалануға болатын газ шығаратынын анықтады. Бұл қарапайым реакцияны кофеин қосу арқылы тездетуге болады. Инженерлер сутегін сүзгіден өткен теңіз суы бар стақанға тас тәрізді, алдын ала өңделген алюминий түйіршіктерін тастау арқылы өндірді. Алюминий табиғатта сирек кездесетін металдардың - галлий мен индийдің қорытпасы арқылы «белсендірілген». Сонымен бірге, теңіз суындағы тұз иондары қорытпаны сумен арада болатын реакциядан қорғады. Сондықтан реакция кезінде галлий-индий түбіне дейін тұнбаға түседі. Ол жиналып, қайта пайдаланылды. Бұл бағыттағы алғашқы тәжірие барысында ғалымдар алюминий мен теңіз суы арасындағы реакцияның баяу жүретінін анықтады. Процесті тездету үшін ғалымдар қоспаға біршама кофе ұнтағын қосып көрді, нәтижесінде реакция жылдамдаған. Зерттеушілер реакцияны айтарлықтай жеделдетуде кофеиннің белсенді ингредиенті - имидазолдың төмен концентрациясының өзі жеткілікті екенін анықтады. Бұл катализатор әдетте екі сағатта алынатын сутегін 5 минутта өндіруге мүмкіндік берді.

0 пікір
Мұрағат