Сусамырдан зардап шегетін науқастар үшін қантты қауіпсіз етудің жолы табылды
Сусамырдан зардап шегетін науқастар үшін қантты қауіпсіз етудің жолы табылды
4 ай бұрын 945 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дэвис университетінің химия факультетінің ғалымдары бактерияларды асханалық қантты алмастыратын аллюлоза өндіруге мәжбүрлеудің тың әдісін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature’s npj Science of Food мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қантты алмастыра алатын аллюлоза сахарозадан шамамен 70% тәтті болғанымен қанттағы калорияның тек 10%-н құрайды. Бұрын ғалымдар оның қандағы глюкоза деңгейін жақсартатынын және II типті қант диабеті бар науқастардың салмақ тастауына көмектесетінін анықтаған еді. Мәселе мынада, аллюлоза сирек кездесетін қант түрі, яғни, ол өте аз мөлшерде кездеседі. Ол бидай мен өңделген қамыста және қызылша құрамында кездеседі. Алайда, оны бидай мен аталған заттардан айырып алудың тәсілі енді табылып отыр. Калифорния университетінің ғалымдары (UC Davis) аллюлоза өндірісінде елеулі жаңалық ашты: енді фруктозаға айналдыру бағытында катализдеу процесі үшін D-тагатоза-3-эпимераза (DTEase) және D-псикоза-3-эпимераза (DPEase) ферменттері арқылы экстракцияланады. Десе де бұл процесс шектеулі болғандықтан өнімділік (тиімділік) деңгейі 50%-дан аспайды және аталған әдіс әрқашан тиімді бола бермейді. Ғалымдар бұл ферменттердің өнімділігін арттыруға талпынып қана қоймай, сонымен қатар, қантты өндірудің өзге жолдарын іздерді. Нәтижесінде олар оны ішек таяқшасы (E. coli) деп аталатын бактериялар тобынан тапты. Ғалымдар аталған микрорганизмнің зат алмасу (метаболизм) процесін өңдеуден өткізді, яғни, генетикалық тұрғыдан редакциялады. Нәтижесінде ішек таяқшасының жасушасы глюкозаны аллюлозға айналдырды. Ал бұл процесс өнімділікті 62%-ға арттырып, өнімнің тазалығын 95%-ға жеткізді.

0 пікір
Мұрағат