Супербактерияның пайда болуының жаңа тетігі анықталды
|
Шеффилд университетінің ғалымдары Staphylococcus aureus (MRSA) cуперьактериясының антибиотиктерге өз төзімділігін арттыруға мүмкіндік беретін тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. MRSA - жылына 120 мыңнан аса адамның өмірін қиятын аса қауіпті микроб. Бұл бактериумның антибиотиктерге төзімділігінің жаңа тетігі аталған микроорганизмнің жасушаларға тән бөліну процесінің баламасын пайдалану қабілетінде жатыр, яғни, мұндай ерекшелік бактерияға қарсы дәрі қолданылса да оның тіршілік етуіне және көбейуіне мүмкіндік береді. Аталмыш бактерияның мұндай өзгешелігін немесе тетігін зерттеу үшін ғалымдар микроскопияны, сондай-ақ, генетика мен микробиологияны біріктіре отырып, алдыңғы қатарлы тәсілдерді қолданды. Бұл микрорганизм өзінің жасуша қабырғасына нысанаға алатын антибиотиктерге төзімділігін сақтауға мүмкіндік беретін фермент істеп шығара алады. Бұған қоса, бұл бактерия бөлінудің балама тетігіне ие. Міне, осы екі ерекшелік бұл микроорганизмді супербактерияға айналдырған. Бұл жаңалық несімен маңызды немесе құнды? Біріншіден, антибиотиктің жаңа түрін жасауға көмектеседі, екіншіден, бактерияның баламалы бөліну процесін бұғаттау әдісін табуға итермелейді. Яғни, түптен келгенде, супербактерияның өзге түрлерімен де тегеурінді күресуге мүмкіндік береді.