Супер бактериялармен күресудің жаңа стратегиясы әзірленді
Супер бактериялармен күресудің жаңа стратегиясы әзірленді
1 ай бұрын 1330 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Құдыстағы Еврей университетінің ғалымдары антибиотикке төзімді бактериялармен күресудің тың стратегиясын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Bioconjugate Chemistry ғылыми, мерзімді басылымға  сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу аясында білікті мамандар иммундық жүйенің патогендерді жоюына ықпал ететін «тектік белгі» (шартты атау – ред.) жасауға ден қойып отыр. Қоздырғыштар көбінесе өз құрылымын өзгерту немесе ауыр инфекцияларға әкелетін иммундық жауапты бөгейтін ферменттер шығару арқылы иммундық жүйеден жалтара алады. Бұл тығырықты еңсеру үшін ғалымдар пептидтік байланысты иммундық жүйе таныған тегпен немесе текпен біріктіретін чимерлі қосылыс жасап шығарды. Бұл чимерлі агент қоздырғышты белгілейді және оны жою үшін иммундық жүйеге сигнал береді. Бұл инновациялық тәсілдің негізін иммундық жүйенің бактерияларды тануына мүмкіндік беретін С3б ақуызымен біріктірілген бактериялық пептид байланыстырғыш құрайды. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, чимерлік тег немесе тек бұрын иммундық жүйемен анықталмай кеткен Э. колимен тиімді әрекеттеседі. Бұл иммундық жасушаларды нысанаға алуға және бактериялар мөлшерін 90%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Аталмыш технология әмбебап: оны түрлі патогенлермен кұресте қолдануға болады. Дәлірегі, бұл стратегия тек бактерияларды ғана емес, сонымен қатар, саңырауқұлақ секілді өзге де микроорганизмдерді белгілеуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат