Сұйық металл жасалды (видео)
Сұйық металл жасалды (видео)
5 жыл бұрын 5060 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары Голливуд түсірген «Терминатор» филіміндегіндей сұйық металл жасады. Металдық масса кез келген нәрсеге трансформациялана алады. Дәлірегі, кез келген заттың немесе бұйымның, тіршілік иесінің бейнесі мен пішініне еніп, өзгера алады. Бұл жайында Additive Manufacturing мерзімді басылымында жарияланды.

Бингемтон университетінің ғалымдары мәлімдегендей, әлемде осылайша тұңғыш рет сұйық металл алынып отыр. Висмут, индия және олова қорытпасынан. Ол «Филда» деп аталады. Ерекшелігі мен артықшылығы сонда - 62 °C-тың өзінде сұйық металға айналады. Салыстыру үшін алсақ, темір 1 538°C-та балқиды. Филда металы қымбыт қорытпа, оны тек жоғары технологиялы салаларда ғана қолданады. Мысалы, ядролық техникаларда. Пу Чжан есімді қытай ғалымы өзінің әріптестерімен металды резеңке қабықшамен біріктіре алған. 3D-баспасы, ваккумдық жағдайда құю секілді гибридтік процесс арқылы. Қабықшасының каркасы жалпы пішіні мен тұтастығын қамтамасыз етеді. Қатты күйінде аталмыш металл мықта әрі қауіпсіз болып келеді. Ішінара алғанда, соққы алса, пішіні өзгеріп кетеді, алайда, қыздырған кезде бастапқы қалыбына түседі. Сол себепті, оны қалағаныңша қайталап пайдалануға болады. Бұл металл ғарыш саласына қажет. Ашық ғарыш кеңістігіндегі аппараттар үшін керек: спутниктердің антеннасын сұйық металдан жасауға болады, т.б. Бұдан бөлек, одан роботтар жасауды ұйғарып отыр. Бұл жайында hightech.fm ақпарат көзі хабар таратты. 

 

0 пікір
Мұрағат