Судың жылу болмаса да жарықтан буланатыны анықталды (видео)
Судың жылу болмаса да жарықтан буланатыны анықталды (видео)
1 жыл бұрын 1324 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары таңқаларлық жаңалық ашты: жарық суды буландыра алатын болып шықты, ол ол ма, жылуға қарағанда әлдеқайда шапшаң буландыра алады. Бұл жайында islam.kz порталы pnas.org сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамзатқа енді ғана мәлім болған бұл құбылыстан тұман мен бұлт қалыптасуы мүмкін. Бұл жаңалықты климат дағдарысының моделін жасағанда ескеріп, суды тұшшыландыруда пайдалануға болады. Мектеп қабырғасынан бері оқытылып келе жатқан судың жылудан буланатыны жөніндегі классикалық теория бойынша сұйықтық бетіне жақын су молекулалары бу күйінде ұшу үшін энергия жинайды. Бұл арада энергия көзі – жылуды айтып отыр.  Алайда, соңғы жылдары бұл тарапта бірқатар тәжірибе жүргізіп, жылу мен судың булану арасындағы айырмашылыққа назар аударған. Яғни, жылу мөлшеріне қарамастан судың шапшаң булану процесіне назар аударған. Тіпті, булану процесі үш есе жылдамдықпен жүрген. Артынан судың жылудан ғана емес, сонымен қатар, жарықтан да буланатынына көз жеткізген. Бұл гипотезаны тексеріп көру үшін ғалымдар контейнердегі гидрогелді жарықтың түрлі толқын ұзындығының әсеріне ұшыратып әрі су салмағының қалай өзгергенін өлшеп көрді. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында жарық экрандалды, яғни, жарықтан бөлінетін жылуды оқшаулау үшін. Нәтижесі судың шынымен де белгіленген температурадан әлдеқайда жоғары жылдамдықпен буланғанын көрсетті. Булану жылдамдығы жарықтың толқын ұзындығына қарай өзгеріп, жасыл жарықта максимум деңгейіне жетті. Осылайша түске тәуелділік (жарық түстеріне қарай булану жылдамдығы өзгеріп отырады) буланудың тек  жылумен байланысты еместігін дәлелдейді. Содан соң ғалымдар тәжірибені қараңғыда да қайталап көрді, яғни, электр қуатын пайдаланып, гидрогелге жарық тәжірибесіндегідей жылу мөлшерін қолданды. Судың булану жылдамдығы температура шегінде аспады және жарықтан булану деңгейіне қарағанда әлдеқайда төмен болды. Ғалымдар осынау айрықша құбылысты «фотомолекулалық эффект» деп атады және жарық фотондары сұйықтық бетіне жақын су молекулаларының кластерлерін «ыдыратуы» мүмкін екендігін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат