Суды үнемдейтін өзгеше технология пайда болды
|

Жаһандық жылынуға байланысты қарқын алған құрғақшылық кезінде әр тамшы суды үнемдеудің маңызы зор. Қазақстандық және Алтайлық (Ресей құрамындағы автономды аймақ) ғалымдар Генрманиядағы әріптестерімен бірігіп, құрғақшылық жайлағанда астықтың күйіп кетпеуіне мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығына пайдасы ұшан-теңіз технология ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Алтай мемлекеттік университетінің сайтына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технологияның ең басты артықшылығы – қымбат тұратын суғару жүйесінің орнына топырақтың ылғалдылығын қадағалап, суғару кезінде судың ысырап болмауына ықпал етеді. Дәлірегі, ауа температурасын, топырақтың түрлі қабатындағы ылғалдылық деңгейін, өсімдікке судың жету мүмкіндіктерін өлшейтін датчик бекітілген шағын метеорологиялық станса арқылы су ресурсын мейлінше тиімді жолмен пайдалануға болады. Аталған стансадағы датчик арқылы алынған деректер нақты уақыт аралығында компьютерге немесе қалта телефонына келеді, осы мәліметтер арқылы құрғақшылық ауқымын анықтап, өсімдікті суғаруға кететін су мөлшерін белгілеуге болады. Бұл технология бүгінгідей жаһандық жылынудан қарқын алған құрғақшылық кезінде қажет.
Ұқсас материал:
"Арабтар шөлде өсімдік өсірудің тың тәсілін тапты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-sholde-osimdik-osirudin-tyn-tasilin-tapty-16478/#gsc.tab=0)




