Суды тез қайнатудың тәсілі табылды
Суды тез қайнатудың тәсілі табылды
2 жыл бұрын 1875 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ебелин Уонг есімді ғалымдар тобының бұл жаңалығы, әсіресе, өнеркәсіпте суды қайнатуға кеткен уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, электр энериясының шығынын да азайтуға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары суды жылдам қайнатуға мүмкіндік беретін қыздыру элементінің беткі құрылымын жасады. Тұрғызылған массивте ені 10 микрометрлік ойықтар бар - олар шағын «бағандарда» екі миллиметр қашықтықта орналасқан. Бұл биіктіктер қыздырылған суды ең төменгі жағынан ойықтарға бағыттап, сұйықтықтың үздіксіз ағынын жасайды. Осының арқасында қайнаған суы бар көпіршіктер тезірек пайда болады. Мұндай эффекті жылыту аппаратын ұзақ уақыт тозудан сақтайды және энергияны үнемдейді. Жаңа жылытқышпен жүргізілген зертханалық тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, қазіргі аналогтардан (ұқсас қондырғылардан) айырмашылығы - оның жылу беру коэффициенті төрт есе дерлік жоғары, ал төтенше жағдайдағы жылу ағыны бір жарым коэффициент. Физиктер ұсынған бұл шешім өнеркәсіптік өндірістің кең ауқымында энергия шығындарын азайтады, сонымен қатар, электрониканың салқындау қабілетін арттырады.

0 пікір
Мұрағат