Суды 40% аз тұтынып, 138% артығымен өнім беретін «ақылды топырақ» жасалды
Суды 40% аз тұтынып, 138% артығымен өнім беретін «ақылды топырақ» жасалды
4 ай бұрын 1055 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: University of Texas at Austin

Мұндай жаңалық, әсіресе, құрғақшылық жайлаған немесе су ресурсының тапшылығын тартқан аймақтар үшін маңызды. Бұл жайында islam.kz порталы ACS Materials Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жер шарында неғұрлым адам көп болса, соғұрлым инновациялық шешімдер қажет. Ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Кез келген елдегі ауыл шаруашылығының негізгі міндеттерінің бірі - қарқынды дамып келе жатқан адамзатты жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін егінді суару және тыңайту ісін «ақсатып» алмау. Сондықтан Остиндегі Техас университетінің ғалымдары «ақылды топырақты» ойлап тапты. Жоспарланғандай, ол өсімдіктерді дербес ылғалдандырады және қоректік заттардың тиісті мқлшерде шығарылуын немесе бөлінуін қамтамасыз етеді. Иә, нәтижеге қарағанда, бәрі ойдағыдай болған. Түнде ауадағы су буын жұтып, күндіз өсімдік тамырына жіберетін арнайы жасалған гидрогелге байланысты топырақ «ақылды» деген лақап атқа ие болды. Сондай-ақ, оның құрамында маңызды қоректік зат кальций хлориді бар. Қазіргі уақытта жер шарындағы тұшшы судың 70 пайызына дейін және кейбір дамушы елдерде 95 пайызға дейін ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылады. Әдеттегі егіншілік әдістері, әсіресе, суару мен тыңайтқыштар су ресурстарының шектен тыс ысырап болуына және жердің экологиялық жағынан нашарлауына (топырақтың тозып, дегредацияға ұшырауына) әкеліп соғады. Бұл жайт өз кезегінде планета халқының өсуімен бірге жүретін жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне көп әсер етеді. Айрықша топырақ жүйесінің негізі гидрогел материалынан - SISRH (self-irrigation and slow-release fertilizer hydrogel - өзін-өзі суару және баяу шығарылатын тыңайтқыш гидрогел) тұрады.

Схема работы «умной почвы»

0 пікір
Мұрағат