Суда ұшатын (гидроұшақ) сағатына 250 шақырым жылдамдықпен ұшады (видео)
Суда ұшатын (гидроұшақ) сағатына 250 шақырым жылдамдықпен ұшады (видео)
3 жыл бұрын 1510 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Норвегиялық компания жолаушыларды тасымалдауға арналған шағын, электрмен ұшатын гидроұшақ құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы sintef.no ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Elfly компаниясының мамандары құрастырған гидроұшақ корпусының конструкциясы Тронхеймде SINTEF тіркеу танкісінде сынақтан өтіп жатыр. Алдағы үш жыл ішінде толыққанды прототипін әуеге көтеруді көздеп отыр. Elfly компаниясының бас директоры Ерік Литунның айтуынша, бұл конструкция бірыңғайда батарейкадан қуат алып ұшатын қайыққа ұқсайды. Мұндағы мақсат атмосфераға парникті газ бөлмейтін әрі қаланың шуын одан ары күшейтпейтін мобилді көлік түрін жасауға саяды. SINTEF-тың ғылыми қызметкері Курош Кушан аэродинамика мен гидродинамиканы барынша мінсіз ұштастыру арқылы мейлінше оңтайлы корпусқа қол жеткізудің маңыздылығына тоқталды. Бұл жобаны Норвегияның аймақтық зерттеу қоры қаржыландырып отыр. Суда ұшып-қонатын бұл ұшақ сағатына 250 шақырым жылдамдықпен 200 шақырымғы дейін ұшуы тиіс.

Ұқсас материалдар:

«Дыбыс жылдамдығымен ұшады десе де болатын, суға да қона алатын амфибия ұшақ» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dybys-jyldamdygymen-ushady-dese-de-bolatyn-suga-da-qona-alatyn-amfibiya-ushaq-video-16369/#gsc.tab=0);

«Сутегімен жүретін гипердыбысты ұшақ сағатына 15 мың шақырым қашықтықпен қозғалады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sutegimen-juretin-giperdybysty-ushaq-sagatyna-15-myn-shaqyrym-qashyqtyqpen-qozgalady-video-16305/#gsc.tab=0);

«Оқ тәрізді ұшақ лайнерге қарағанда отынды 80%-ға үнемдейді» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/oq-tarizdi-ushaq-lainerge-qaraganda-otyndy-80-ga-unemdeidi-video-16069/);

«Электрмен ұшатын африкалық ұшақтың артықшылығы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/elektrmen-ushatyn-afrikalyq-ushaqtyn-artyqshylygy-video-16162/#gsc.tab=0);

«Қанатына жолаушылар мінетін ұшақ» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qanatyna-jolaushylar-minetin-ushaq-video-11957/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі ең алып ұшақ сынақтан сәтті өтті» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alemdegi-en-alyp-ushaq-synaqtan-satti-otti-video-9392/#gsc.tab=0);

«Күн батареясымен жұмыс істейтін ұшақ алғаш рет төрткүл дүниені шарлап шықпақ» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/kun-batareyasymen-jumys-isteitin-ushaq-algash-ret-tortkul-dunieni-sharlap-shyqpaq-foto-1806/#gsc.tab=0);

«Апат болған жағдайда жолаушыларды аман алып қалатын ұшақ құрастырылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/apat-bolgan-jagdaida-jolaushylardy-aman-alyp-qalatyn-ushaq-qurastyryldy-4129/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат