Суайттың өтірік айтып тұрғанын әшкере ететін тәсіл табылды
Суайттың өтірік айтып тұрғанын әшкере ететін тәсіл табылды
4 жыл бұрын 13156 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Голландияның Эразма қаласындағы Роттердам университетінің ғалымдары суайттан өзі ойдан шығарған оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі айтып беруін талап еткенде оның бейсаналы түрде өзін тергеп отырған адамның әрекеті мен қимыл-қозғалысын қайталайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде қылмыскерлерді тергейтін із кесушілердің жұмысын жеңілдетіп, қылмыстың тезірек ашылуына септігін тигізеді. Адамдар әдетте өзінің жанындағы серігінің мимикасын салып, оның «айнасына» айналатынын түйсіне бермейді. Әдетте адам мұны серігіне ұнау немесе сеніміне кіру үшін істейді. Голландық ғалымдардың тұжырымы осындай. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибелер барысында серігіне жалған сөйлеген адамның іс-әрекетін мұқият қадалаған болатын. Ғалымдар технология көмегімен оның денесінің әр түрлі жағдайдағы сәтін, яғни, қимыл-қозғалысын бақылады. Ал екінші тәжірибе кезінде бұл тәжірибеге өз еркімен қатысқандардан өзі ойдан шығарған оқиғаны сұхбаттасына айтып берді әрі олардың да қимыл-қозғалысы жіті назарда болды. Екі тәжірибенің нәтижесі көрсеткендей, суайттың әрекеті сұхбаттасына икемділік танытқан, яғни, сұхбаттасы оның сөзі мен әрекетіне шұқшиып назар аудармаса да суайт оның «әуеніне төңкеріліп» ығына жығылатындай бейімділік танытқан. Ғалымдардың түйіндеуінше, адам неғұрлым жалған сөйлеген сайын соғұрлым жанындағы серігінің әрекетін ессіз қайталайды.

0 пікір
Мұрағат