Стрестен экзема пайда болады
Стрестен экзема пайда болады
3 жыл бұрын 2149 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

The Beauty Chef опа-далап брендінің дерматологы жүйкеге түскен салмақтың адам терісіне тигізер әсері мен оны оюдың жолдарын айтты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маманның сөзіне қарағанда, қатты стресс теріде экземаның пайда болуына бастайды әрі мезгілінен бұрын қартайтады. Бұдан бөлек, стрестен адам терісі құрғап, жарықшақ түседі, сондай-ақ, көзінің айналасы кілкілдеп тұратын болады. «Стресс терінің жағдайына тікелей әсер ететін ішектің саулығына кері ықпалын тигізеді, сонымен қатар, ми қызметін, зат алмасу процесін бұзады, иммунитетті төмендетеді. Теріңіз бен миыңызда гормондардың және нейротрансмиттердің бір түрі әрекет ететіндіктен кез келген стресті жағдай теріңізге өз әсерін тигізеді»,- деп түсіндірді ол. Адам қатты уайымдаған кезде симпатикалық жүйке жүйесі стреске реакция тудыратын кортизолдың мол мөлшерін бөледі. Егер стресс ұзақ уақытқа созылса, ұдайы қоректік заттар бөліп, эпидермистің жаңа жасушаларының өсуін тежейтін болады. Осылай дей келе дерматолог теріңізді жақсарту үшін бірден жақпа майға немесе лосьонға жүгіріп, олардың көмегіне жүгінбеу керектігін алға тартып отыр. Ең алдымен, проблеманың неден туындағанын анықтап, одан құтылудың жолын іздеңіз, бұл мүмкін болмаса, одан келетін стресті еңсеруге талпыныңыз. Содан соң арнайы диетаға отырыңыз, антиоксидантқа бай тағамды тұтыныңыз. Ұйқыңыздың қанық болуына және шөлдемеуге назар аударыңыз.

0 пікір
Мұрағат