Созылмалы ауру химиялық деңгейде науқастың көңіл күйіне әсер етe алады
Созылмалы ауру химиялық деңгейде науқастың көңіл күйіне әсер етe алады
3 жыл бұрын 1888 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар анықтағандай, қандай да бір созылмалы ауру науқастың тек тәніне батып қоймай, сонымен қатар, оның ойы мен сезімін де, тіпті, сенімін де айқындап,психикасына ықпал етеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған European Journal of Pain мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлем бойынша шамамен әрбір оныншы адам қандай да бір созылмалы ауруға шалдыққан. Созылмалы аурулардан жүрек, сусамыр, обыр ауруларын қоса алғанда көп адам зардап шегеді. Кейбір  аймақтарда созылмалы ауруларға әрбір төртінші тұрғын шалдыққан. Гамма-аминді май қышқылы барлық жүйке жүйесіндегі белсенділікті тежей отырып, миға сигналды беруде маңызды рөл ойнайды. Соның ішінде мидың префронталды қабатындағы белсенділікті басып тастайтын гамма-аминді май қышқылы амигдала (Амигдада - бұл мидың уақытша шұңқырларының тереңінде орналасқан бадам тәрізді ядролардың массасы (жасуша массасы). Әрбір ми жарты шарда орналасқан екі амигдаль бар. Амигадала - бұл эмбриондар мен мотивацияларға, әсіресе, өмір сүруге байланысты көптеген эмоцияларға қатысатын лимбиялық жүйе құрылымы. Бұл қорқыныш, ашу және рахат сияқты эмоцияларды өңдеуге қатысады. Сондай-ақ, амигдала қандай естеліктер сақталып жатқанын және есте сақтау миында сақталатындығын анықтайды. Бұл айқындаушылық оқиғаға байланысты эмоционалды жауаптың қаншалықты зор екеніне негізделген деп есептеледі - kk.eferrit.com дерек көзінен) тәрізді өзге аймақтармен байланысты шектеп тастайды. Глутаматтың (Ми жұмысының негізінде жүйке жасушаларының өзара әрекеті жатыр және олар бір -бірімен нейротрансмиттер деп аталатын заттарды қолданып «тілдеседі». Көптеген медиаторлар бар, мысалы, ацетилхолин, норэпинефрин. Ең маңызды медиаторлардың бірі глутамин қышқылы немесе глутамат деп аталады. Егер миымыздың құрылымына және әр түрлі жүйке жасушалары қандай заттарды қолданатынына назар аударатын болсаңыз, онда глутамат нейрондардың шамамен 40%-ын істеп шығарады, яғни, бұл жүйке жасушаларының көп бөлігі - postnauka.ru мәлімет көзінде жарияланған физиолог Вячеслав Дубыниннің анықтамасы) ынталандырушы нейротрансмиттерімен тепе-теңдікте жұмыс істей отырып, бұл сигналды жүйе эмоцияның қажетті кезінде стреске ұшыратпай адамға қолдау білдіретініне кепілдік береді. Бұл тарапта жануарларға жүргізілген тәжірибе нәтижесі мидың префронталды қабатының медиалды саласында белсенді әрекетке көшетін глутамат мөлшеріндегі айтарлықтай айырмашылықты көрсетіп берді – созылмалы ауру жанына батқанда. Созылмалы аурудан зардап шегетін науқастың да миындағы шлутамат деңгейі төмендеп кетеді. Десе де созылмалы ауру мен эмоция арасында нақты байланыс әлі толық анықталған емес. Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің мамандары бұл бағыттағы тәжірибеге өз еркімен қатысқан 48 адамның (оның жартысы созылмалы дерттен зардап шегетін науқастар да жартысы сау) нейромедиаторлардың шоғырлану деңгейін сканерлеу үшін визуализацияның осы заманғы озық әдісін қолданып көрген екен. Нәтижесінде ғалымдар созылмалы ауру жоғарыда айтылған тұжырымдардың растығын дәлдеп берді. Созылмалы аурудан адамның ұйқы режимі бұзылады, күйзеліске бой алдырады, мазасызданады, т.б. жағымсыз сезімдерді бастан кешеді. 

0 пікір
Мұрағат