Solar Foods технологиясы ауадан жеуге жарамды ақуызды алуға мүмкіндік береді (видео)
Solar Foods технологиясы ауадан жеуге жарамды ақуызды алуға мүмкіндік береді (видео)
7 ай бұрын 1083 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

«Solar Foods» стартапы талғамы мен талабы әр түрлі  тұтынушылардың көңілінен шығатын теңдесі жоқ жобасын әлемдік нарықты төңкеріс жасауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жануар организіміндегі ақуызды тұтынғысы келмейтіндердің де, өсімдікте кездесетін ақуызды ұнатпайтындардың да ақуызға деген қажеттілігін қамтамасыз ететін азық турасында сөз болып отыр бұл арада. Аталмыш компания микробтар мен күн сәулесінен алынатын Solein деп аталатын ақуыздың жаңа түрін жасау үстінде. Әдеттегідей, инновациялық және коммерциялық өнімдер туралы ақпарат құпия ұсталатындықтан компания бұл бағыттағы деректі жарияламайды. Дегенмен, құпия ұсталған микроб күн радиациясын сіңіреді және қалдық өнім ретінде ақуызды шығарады. «Ауа протеині» («Air Protein») соңғы өнімі барлық пайдалы элементтерге, соның ішінде минералдарға, витаминдерге және амин қышқылдарына бай екендігі хабарланады. Және бұл көрсеткіштер бойынша ол сояның көптеген түрлерінен, сондай-ақ, еттен де асып түседі. Ең бастысы, оның бір келісін өндіру үшін 524 000 есе аз жер және 112 000 есе аз су қажет. Түрлі тағамдарға қосуға ыңғайлы сарғыш ұнтақ сияқты көрінеді. Өндіруші протеиннің құрамын өзгерте алады, осылайша ол ақуыз өнімдерінің кез келген түрінің дәмін қайталайды. Қарапайым тілмен айтқанда, бүгін сіз «әуе фермасында» тауықтың баламасын өсіре аласыз, ертең балық, т.б. Осылайша, адамзаттың үлкен бөлігінің негізгі азық-түлік өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға болады.

0 пікір
Мұрағат