Сіз ІІ-ші типті сусамырға шалдыққаныңызды қалай анықтайсыз немесе оның жасырын белгілері
Сіз ІІ-ші типті сусамырға шалдыққаныңызды қалай анықтайсыз немесе оның жасырын белгілері
9 жыл бұрын 4844 islam.kz

1. Шөлдеу және жиі кіші дәретке шығу

Шөлдеу мен зәрдің бөлінуі бірі-бірімен тығыз байланысты екені әмбеге аян: Неғұрлым суды көп ішсек, соғұрлым зәр сындырамыз. Алайда, бір түннің ішінде екі немесе одан да көп мәрте зәр сындыратын болсақ, бұны сіздің бүйрегіңізге күш түскен деп түсінбеу керек. Тағы шөл қысып, дереу су ішкіңіз келеді – ағзаңыз зәрмен шығып кеткен сұйықтықтың орнын толғанын қалайды. Сондай-ақ, аз уақыттың ішінде күрт арып, жүдеп кетсеңіз, бұл да сусамырдың белгісі болуы мүмкін. Сусамырмен сырқаттанғанда екінші типті инсулин жасушаға глюкозаны жеткізе алмайды әрі осыған байланысты адам ашығуды сезінеді, ақуызға әсер етеді, себепсізден дене салмағы жоғала бастайды.

2. Шектен тыс тәбеттің оянуы

Егер сіздің тәбетіңіз артып, соған қарамастан салмағыңыздың кемуі тоқтамаса, бұл да жақсылықтың нышаны емес. Ашығу сезімі қан құрамындағы глюкоза деңгейі артқан кезде пайда болады: күрт көтерілген соң төмендесе, адам ағзасы ашығады. 

3. Шаршап-шалдығу және ашу-ызаға жиі ерік беру

Бұл айтылғандар аталған симптоммен тікелей байланысты болмаса да глюкозаның деңгейінің бір көтеріліп, бір басылуы және жиі әжетке шығудан ұйқының қанбауы адамның жүйкесіне салмақ түсіреді.

4. Терінің өзгеруі

Терінің тітіркенсе, қышыса, құрғақ тарса, бозарса немесе қандай да бір дақ пайда болса, онда зат алмасу процесі мен ас қорыту жүйесі бұзылған дей беріңіз. Ондай жағдайда ең алдымен тырнақ пен шаш және тері зардап шегеді екен. Бұл да сусамырмен байланысты болуы мүмкін. 

5. Жараның мейлінше баяу жазылуы немесе аурудан айығуға ұзақ уақыт кетеді

Сусамырдың ең басты белгісі – бір ауырса, одан айығуға ұзақ уақыт кетеді. Бұл айтылған жараға да қатысты. Сусамырмен сырқаттанған кезде қан тамырлары глюкозаның тым жоғары деңгейде болуынан зардап шегеді.

6. Көзің көру қабілетінің төмендеуі

Сусамыр кесірінен жанардағы қан айналымы бұзылып, көздің көру қабілеті төмендейді.

8. Шаншу немесе мелшию (сілейіп қалу)

Сусамырдан адам жүйкесі зақымданып, бұлшық ет ауырады. Сусамыр сырқатына шалдыққанына көп уақыт өте қоймаса, бұл симптомның емделіп, алдын алуға болады. 

1 пікір
  • Бұл науқастың психосоматикалық себебі өте тереңде жатыр. Медицинаға дауым жоқ. Бірақ, атақты аффирмация ілімінің мамандары мұны "шөліркеу, шөлдеу, іздеу, жоғалту, жоғалтқаныңның орнын толтыратын нәрсеге ұмтылу" деп атайды. Оның артында - өмірдің мәнін, мағынасын іздеу деген философиялық түйін жатыр. Сол шешімді тапқан адам бұл науқастан айығады. Бұл шешім - құлшылық. Қай түрі болсын, құлшылық. Намаз, садақа, ораза... Тағдырға ризалықпен қарау. Қолыңнан келсе, адамдармен жылы қатынаста болу, жылы сөз айту, жылы қабақ таныту т.б. Кейде біз үлкен істерге ұмтыламыз деп, майда-шүйдені ұмытып жатамыз. Кез келген жақсы іс, изгі ниет - сол жай ғана таңертең аман-есен оянғаның үшін Жаратушыға шүкіршілік айтудан басталатын сияқты. Әбдіғаппар ұстаз айтқандай, "диабеттің емі- ораза". Жалғыз тамақтан ғана емес, жалпы нәпсі жақсы көретін нәрселердің бәріне ораза ету.
    9 жыл бұрын
Мұрағат