Синтетикалық маталарды болашақтың шикізатына айналдыратын стартап пайда болды
Синтетикалық маталарды болашақтың шикізатына айналдыратын стартап пайда болды
1 ай бұрын 1012 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің TextRe компаниясы автокөлік, электроника салаларында және интерьер өнеркәсібінде қолдануға болатын синтетикалық маталарды өңдеудің озық технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жобаның негізгі мақсаты пластик өнеркәсібін түрлендіруге (модернизациялауға) саяды. Яғни, бүгінгі күні ең өзекті әрі түйіні тарқатылмаған мәселеге айналған экологиялық проблеманы шешуге арналған – қоршаған ортаны ластайтын пластик және мата өнеркәсібінің зиянын азайтуға бағытталған. TextRe инновациясы құрамында полиэфир және нейлон сияқты синтетикалық полимерлер кездесетін тоқыма қалдықтарын жан-жақты қайта өңделген шикізатқа айналдыруға мүмкіндік береді. Кәдеге жарату процесі экструзияны, яғни, материалдың берілген пішіні мен сипаттамалары бар бұйымдарды жасау үшін арнайы матрица арқылы өтетін әдісін көздейді. Алынған шикiзат экологиялық жағынан мейлінше таза болып келетіндіктен өндiрушiлерге олардың сапасына нұқсан келтiрмей, үнемдi және экологиялық тұрақты өнiм жасауға мүмкiндiк туғызады.

0 пікір
Мұрағат