Сигналды өзі іздеп табу үшін пішінін өзгерте алатын «тірі» антенна жасалды
Сигналды өзі іздеп табу үшін пішінін өзгерте алатын «тірі» антенна жасалды
3 ай бұрын 893 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа технология құлаққапта, адам өзімен алып жүре алатын электронды бұйымдарда, медициналық сенсорлар мен құрылғыларда, жаңа буынды сымсыз байланыс құралдарында пайдаланылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы hightech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары түрлі толқын жиіліктеріне өздігінен бейімделе алатын, дәлірегі, түрлі жиіліктегі толқында аулау үшін пішінін өзгерте алатын жаңа үлгідегі антеннаны жұртшылық назарына ұсынды. Әдеттегі статикалық антенналардан айырмашылығы - бұл «мета-антенна» күрделі жетектерсіз және ауыстырып қосқышсыз кең диапазонда жұмыс істей отырып, созылады, бүгіледі және жиырылады (кішірейеді). Антенна құрамы ғана емес, қасиеттері геометриямен анықталатын метаматериалдардан - инженерлік құрылымдардан жасалған. Мұндай тордың суреті мен пішінін өзгерте отырып, радиожиілік сипаттамаларын дереу өзгертуге болады. Кез келген антеннаның резонанстық жиілігі бар - ол барынша тиімді жұмыс істейтін «нота» тәрізді. Егер оның пішінін өзгертсеңіз, бұл нота аздап жылжиды. MIT ғалымдары жиілік реакциясын дәл реттеу үшін құрылымды басқара отырып созудың немесе бүгудің жолдарын тапты. Осы әсерді сенсор ретінде пайдалануға болады: мысалы, мета-антенна кеуде қуысының микро қозғалысын ұстайды және жиіліктің ауысуы бойынша адамның қалай тыныс алғанын анықтайды. Прототип екі өткізгіш қабат арасында жаншылған эластикалық материалдан жасалған диэлектрлік (өткізбейтін) қабаттан тұрады. Ток өткізгіш жолдардың паттерні «патч-антенна» жасай отырып, аэрозолді өткізгіш бояумен қалыптастырылады. Оны лазермен кеседі; суреттің ілгектері бірнеше рет деформацияланған кезде үзілмеуі үшін үстіңгі жағы иілгіш акрил қаптамасымен қапталады. Мұндай қорғаныс функциялары 10 мыңнан астам жиырылу және созылу циклдерінде құрылғыны тоздырмай сақтауға мүмкіндік берді. Бірегей технологияның стандартты антенналардан айырмашылығы неде? Әдеттегі мұндай жүйелерде түрлі жиілік диапазондары үшін бірнеше антенналарды немесе күрделі коммутаторларды пайдалануға тура келеді. Мета-антенна өткізгіш элементтердің тиімді ұзындығын өзгертеді және тордың геометриясымен «саңылауларды» енгізеді, сондықтан бір физикалық модул бірден бірнеше режимді жабады. Бұл процесс құрылымды оңтайлы әрі арзан етеді. Енді құрылғының қалай жобаланғанына тоқталсақ: ғалымдар негізгі параметрлерді - антенна «патчының» өлшемін, диэлектриктің қалыңдығын, метаматериал ұяшықтары жақтарының арақатынасын белгілеуге және резонанстық жиіліктер ауқымын автоматты түрде есептеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманы әзірледі. Файлдарды бірден лазерлік кескішке жіберуге болады, бұл процесс нақты құрылғыға кастомизациялауды оңтайландырады. Ақылды құлаққаптарда мета-антенна иілу кезінде жиілікті шамамен 2,6% -ға өзгертеді және құрылғы шуды азайту режимі мен сыртқы дыбыстар естілгенде режим арасында автоматты түрде қосылады. Тағы бір прототип - ішкі перделер: кіріктірілген тор-антенна үй құрылғыларының сымсыз байланысына қосыла алады және бір мезгілде жарықты басқару интерфейсі ретінде қызмет етеді. Бұдан басқа да артықшылықтары барын айта кетпекпіз. Әмбебап, мықты әрі арзан антенна кез келген жағдайға бейімделе алады: гаджеттердегі радиомодулдер санын азайтып, энергияны үнемдейді әрі басқа жиілікте жұмыс істейтін өзге құрылғыларды орналастыратын орынды үнемдеуге көмектеседі, бірнеше жиілікте жұмыс істейтіндіктен атқарар функциясы түрлі құрылғыларды қаптата бермейсіз.

 

0 пікір
Мұрағат