Шуды басатын, дыбысты құмықтыратын технология пайда болды (видео)
|
Швейцариялық EPFL Acoustic Group компаниясының ғалымдары тиімділігі 100 %-ға жуықтайтын, шу дыбысын құмықтыратын айрықша технология ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы sonexos.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ең ерекшелігі мен артықшылығы – ол қолдануға қолайлы шағын құрылғы. Мәселен, толқын ұзындығы 17 м-ге жететін 20 Гц жиіліктегі дыбысты басу үшін қалыңдығы 4 м болатын тас қабырға керек, ал бұл технологияда бар болғаны 17 мм жаңа плазмалық шуды басатын тақталар қажет. Оның жұмыс істеу принципі шуды азайтудың басқа жүйелеріне ұқсас - шу параметрлерін өлшеу негізінде бастапқы шуды басу үшін антифазада дыбыс толқыны жасалады. Дегенмен, бұл арада генератор ретінде ауыр физикалық мембранасы бар акустикалық динамик емес, оның плазмалық баламасы алға шығады. Ғалымдар мембрананы мүмкіндігінше кішірейтуді мақсат етті. Динамик гриліне электр қуатын бергенде оның ұяшықтарындағы ауа иондалған, зарядталған бөлшектермен қанығады. Оларды магнит өрісінің көмегімен басқаруға болады, бұл жайт олардың қоршаған ауадағы басқа бөлшектермен соқтығысуына әкеледі, ал бұл өз кезегінде тербелістерді - акустикалық толқындарды тудырады. Жүйе кернеудің өзгеруіне өте сезімтал, сондықтан дәл реттеуге және жоғары сапалы дыбысты шығаруға жарамды.