Шопан робот қойды қалай бағады (видео)
Шопан робот қойды қалай бағады (видео)
5 жыл бұрын 2659 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жасанды интеллекті, робот өмірдің барлық саласына біртіндеп енгізіліп жатыр. Аспаздың да, заңгердің де, дәрігердің де, саудагердің де, тілшінің де, тіпті, сазгердің де орнын басып жатыр. Мал асыраудың мехнаты мен машақатын ежелден мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқынан артық білетін ұлт жоқ шығар. Асырып айтқан күннің өзінде бұл саланың бейнетінен белі бүгілген шопандардың бозала таңнан қара кешке дейін түзде жүретінін айтсақ та жетіп жатыр. Жаңа Зеландияда Boston Dynamics деп аталатын робот ит қой бағады. Аталған елдегі Rocos компаниясы Spot құрылғысын ойлы-қырлы жерде қой бағатындей етіп бейімдепті. Rocos мамандары болашақта бұл жүйені одан ары жетілдіре түспек: Spot құрылғысын қашықтан басқаруға келетіндей етіп әрі өз бетінше дербес әрекет ететіндей етіп автоматтандыруды көздеп отыр. Spot роботы тек қой бағып қоймай, астық жинай алады, сондай-ақ, өсімдіктер туралы ақпарат жинап, нақты уақыт  аралығында өзі жүрген жердің картасын сызады. Әдетте адамды аяғынан тартып, адымын аштырмайтын құмды «құмығып» қалмай, ойлы-қырлы жерден өте алады. Ол инфрақызыл датчикпен және LiDAR камерасымен жабдықталған.

0 пікір
Мұрағат