Шаш түсуінің негізгі бір себебі айтылды
Шаш түсуінің негізгі бір себебі айтылды
3 жыл бұрын 3927 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мамандар шаштың түсуінің негізгі бір себебіне тоқталды: D дәрумені жетіспесе, ерлердің де, әйелдердің де шашының түсуіне ықпал етеді. Бұл жайында islam.kz порталы Mirror ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте организмде аталған дәруменнің тапшылығы, әсіресе, қыстың күні күн көзінің жетіспеушілігінен болып жатады. Күніне 30 минут күн көзінде болу немесе D дәруменінің 10 микрограмы сүйекті қатайтып, шаштың түбінің бекуіне ықпал етеді. Скандинавиялық шашты күтіп ұстауға арналған брендтік өнімдерімен аты шыққан New Nordic қожайыны Карл Кристианның (Karl Kristian) айтуынша, адамдар дәруменнің жетіспеушілігінен болатын орын алатын олқылықтың орнын белгілі бір тағам өнімдерімен немесе тағам қоспаларымен толықтыра алады. «Организмде D дәрумені жетіспеген жағдайда шаш фолликуласындағы кератиноцит шаштың өсуін реттей алмайды, шаш түседі»,- деп түсіндірді ол. Маманның айтуынша, тек D дәрумені ғана емес, сонымен қатар, В12 дәрумені жетіспеген жағдайда да шаш түседі. Бұл дәрумен мал еті ме сүтінде, жұмыртқада, балықта, жаңғақта кездеседі. Superdrug медициналық порталы хабарлағандай, шаштың 99 пайызы ақуыздан тұрады, олардың саулығы амин қышқылдары мен ақуыздың жеткілікті мөлшеріне байланысты. 

Ұқсас материалдар: 

«Адамның таз болуының негізгі бір себебі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-taz-boluynyn-negizgi-bir-sebebi-belgili-boldy-15046/#gsc.tab=0);

«Стреске байланысты шаштың түсуіне ықпал ететін тетік табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/streske-bailanysty-shashtyn-tusuine-yqpal-etetin-tetik-tabyldy-15077/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат