Шала ұйқы инфекциялық дертке шалдығу қатерін 250%-ға арттырады
Шала ұйқы инфекциялық дертке шалдығу қатерін 250%-ға арттырады
4 жыл бұрын 3398 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында islam.kz порталы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдарына сілтеме жасаған popmech.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұйқы қандыру иммунитетті нығайтады. Ал шала ұйқы организмнің қорғаныс қабілетін кемітеді. Аталған ресейлік жоғарғы оқу орнының медицина орталығының жетекшісі Александр Калинкин «Говорит Москва» («Мәскеу сөйлеп тұр») радиоторабына берген сұхбатында ұйқының негізгі міндеттерінің біріне иммунитетті лайықты деңгейінде ұстап тұру жататынын жеткізді. Оның айтуынша, ұйқы мен иммунитет бір-біріне балама бола алатын ұғымдар. Егер адам тәулігіне бес сағаттан кем ұйықтаса, оның инфекциялық дертке шалдығу қатері 250%-дан асып кетеді. Тәулігіне жеті сағаттан аса ұйықтағандарға қарағанда. Осылай деген ол ересектер үшін тәулігіне 7-9 сағат ұйықтаудың қалыпты жағдай екенін тағы бір мәрте еске салып өтті. Сондай-ақ, бұрынғы зерттеу нәтижелері мен ғылыми тұжырым бойынша туабітті жүрек ақауы бар науқастар бұл дертінен болатын қатердің, яғни, инфаркт, инсульт алу қаупінің бетін тек ұйқымен қайтара алады.

0 пікір
Мұрағат