Шала ұйқы ауруға сезімталдықты арттырады
Шала ұйқы ауруға сезімталдықты арттырады
3 жыл бұрын 2159 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұйқысы қанбаған адам миының ауру сигналын өңдейтін қыртысының белсенділігі жоғары болады (белсенділігі жоғары болған сайын ауру туралы сигналды барынша жеткізеді) әрі ауруды басатын жүйенің қызметі бәсең болады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Journal of Neuroscience  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұйқының организмге тигізер пайдасы ұшан теңіз. Солардың бір парасы мынадай: ұйқы ми қызметін қалпына келтіріп жадыны нығайтады, бұдан бөлек, алжу, Альцгеймер ауруларының алдын алады. Шала ұйқы адам тәбетін оятатындықтан (қанбаған ұйқының орнын толтыру үшін, яғни, ұйқы кезіндегі тынығудан болатын энергияның орнын толтыру үшін әдеттегіден артық тамақтанады) адам семіздік індетіне шалдығу қатері бірнеше есеге артады, шала ұйқы инфекциялық ауруларды жұқтыру қатері арттырады (бұл тарапта сайтымыздың жаңалықтар таспасында арнайы тоқталып өткенбіз: «Шала ұйқы инфекциялық дертке шалдығу қатерін 250%-ға арттырады», сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-uiqy-infektsiyalyq-dertke-shaldygu-qaterin-250-ga-arttyrady-14692/#gsc.tab=0). Енді шала ұйқының тағы бір жанама кері әсері белгілі болып отыр – ауруға сезімталдықты арттырады. Бұл тарапта арнайы жүргізілген ғылыми тәжірибеге өз еркімен дені сау, яғни, ұйқы мәселесінде қандай да бір кемдік көріп жүрмеген, тепсе темір үзетін 25 жас жігіт қатысты. Лардың әрбіреуінің күнделікті ұйқы режиміне сәйкес ұйықтап тұрған соң ауру шегін өлшеді: олардың аяқтарына жылытқыш қойды, біртіндеп температурасын көтеріп, ауыртатын деңгейге жеткенше қыздырған. Бір мезетте магнитті-резонандық томография көмегімен мидың білсенділігі қадағаланды. Орташа есеппен алғанда аталмыш тиәжірибеге қатысушылар +44 °С-та ауру жанынан батқан. Содан соң тәжірибеге қатысушылар бір түнді ұйқысыз өткізегеннен кейін бұл көрсеткіш (төмеператураның көтерілуінен, яғни, жылытқыштың қызуынан аурудың жанына бату) 41 °С-қа түскен – мидың соматосенсорлық қыртысындағы белсенділік артып, «ләззат орталығы» аталып кеткен ядродағы белсенділік төмендеп кеткен. Акупенс ядросы дофамин деңгйіе бақылайды, ал дофамин өз кезегінде ауырсыну сезімін басады. Қысқасы, шала ұйқы ауруға сезімталдықты арттыратын ми аймағының белсенділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар, мидың ауруда басатын өзіндік жүйесін басып тастаған. Бұған қоса, мидың тағы бір аймағында – ауырсыну сезімін бағалайтын әрі оларды жалпы контекспен байланыстыратын (яғни, ауырсыну сезімін тек жергілікті аймаққа емес, сонымен қатар, аурудың әсерін азайту үшін организмнің немесе сол маңның барлық аумағына жайып жіберетін), организмнің ауруға лайықты жауап қатуына жауапты ми қыртысының да белсенділігі төмендеген.

Ұқсас материалдар:

«Ғалымдар аз ұйықтаудың амалын тапты - организмнің ұйқыға қажеттілігі қысқарды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-az-uiyqtaudyn-amalyn-tapty-organizmnin-uiqyga-qajettiligi-qysqardy-15621/#gsc.tab=0);

«Шала ұйқы инфекциялық дертке шалдығу қатерін 250%-ға арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-uiqy-infektsiyalyq-dertke-shaldygu-qaterin-250-ga-arttyrady-14692/#gsc.tab=0);

«Жасанды» ұйқы безі жасалды»  (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-uiqy-bezi-jasaldy-13129/#gsc.tab=0);

«Ұзақ ұйқы да ажал шақырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uzaq-uiqy-da-ajal-shaqyrady-3985/#gsc.tab=0);

"Тергеу тәсілдерінің бірі қылмысты мойындатуда тиімділігін көрсетті" (https://islam.kz/kk/news/gylym/tergeu-tasilderinin-biri-qylmysty-moiyndatuda-tiimdiligin-korsetti-14075/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат