Шала туған ұл балалар басқаларына қарағанда ерте қартаяды
Шала туған ұл балалар басқаларына қарағанда ерте қартаяды
4 жыл бұрын 4291 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Канадалық ғалымдар  шала туған ер балалардың шала туған қыз балалар мен мезгілінде туған ұл және қыз балаларға қарағанда ерте қартаятынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Pediatrics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Балалардың дүниеге келу мұндай мерзіміне қатысты дерек әлемдегі ең ұзақ ұзақ мерзімге созылған салмағы кем болып туған шараналарды люнгитюдтік зерттеу нәтижесінен алынды – ғалымдар балаларды 1977 жылдан бері туған сәтінен бері қадағалап, зерделеп келген екен. Канаданың Макмастер университетінің ғалымдары бұл тарапта эпигенетикалық сағатты пайдалана отырып, салмағы кем болып туған 45 баланың әрі туғанда салмағы қалыпты 47 баланың генін зерделеген болатын. Содан соң жасы 30-35-ке толғанда олардың биологиялық жасын салыстырып көрген. Бұл арада қартаю ұғымы адамның денсаулығындағы созылмалы аурулармен байланысты кінәратпен және сенсорлық ақаумен байланысты түсіндіріледі. Белгілі болғандай, шала туған ер балалар туғанда салмағы қалыпты құрдасына қарағанда орташа есеппен 4,6 жасқа тез қартаятын болып шықты. Ал шала туған қыз бала мен мерзгілінде дүниеге келген қыз баланың арасынан мұндай айырмашылық байқалмаған. Ғалымдар мұның сырын пренеталды (құрсақтағы) даму процесімен байланыстырып түсіндіріп отыр. Бұрынғы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қыз балаға қарағанда ұл бала пренаталды стреске сезімтал келеді. 

0 пікір
Мұрағат