Шала туған шараналардың қауіпті дертке шалдығу қатері жоғары
Шала туған шараналардың қауіпті дертке шалдығу қатері жоғары
3 жыл бұрын 2331 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік ғалымдар церебралды сал дерті мен балалардың өзге де неврологиялық ауытқу қатерін арттыратын мезгілінен ерте туудың қауіпті шегін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Journal of Clinical Medicine медициналық мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Бен-Гурион университеті мен Сорока жоғарғы оқу орнының медицина орталығының мамандары осындай тұжырымға келіп отыр. Балалардың арасында соңғы уақытта жие кездесетін церебралды сал дерті – туабітті ауытқу: қимыл-қозғалысындағы үйлесімсіздік, ригидтік (бұлшық еттердің жиырылуы, сіресуі деп түсінуге болады), бұлшық еттердің әлсіздігі, сондай-ақ, тремор (қалтырау) негізгі симптомдары саналады. Ғалымдардың айтуынша, балалардың церебралды сал дерті мидың дамуындағы ақаудан пайда болады, көбінесе тумай жатып аталған дертке шалдығады әрі баланы мүмкіндігі шектеулі жанға айналдыруы мүмкін. Ғалымдардың пайымдауынша, айы-күні толмай жатып, яғни, мезгілінен 25 апта бұрын дүниеге келген балалар осындай қатерлі дертке бейім келмек. 

Ұқсас материал:

«Шала туған ұл балалар басқаларына қарағанда ерте қартаяды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-tugan-ul-balalar-basqalaryna-qaraganda-erte-qartayady-15243/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат